28.01.2014, 19:43 4325

Үкіметте ТҚҚ басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы мақұлданды

"Елімізде қалдықтарды өңдейтін зауыттар жоқ деуге болады. Бұл саланы реттейтін құқықтық негіз де қалыптаспаған. Жаңа бағдарлама осы мәселелерді шешуге бағытталған",- деді Премер-Министр.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Үкімет отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды жаңғырту бағдарламасы мақұлданды.

"Мемлекет басшысының қатысуымен 2012 жылдың осы күндері Үкімет отырысы өтті. Сол кезде Президент Үкіметке екі жыл ішінде шетелдік сарапшылардың қатысуымен аталмыш сұрақтарды қарастыруды тапсырды, біз соның нәтижесінде бүгін бағдарламаны қабылдап отырмыз. Жалпы қабылданған бағыттар - қоршаған орта министрлігіне қабылданған тапсырмаларды енгізу керек", - деді С. Ахметов.

Айта кетейік, бағдарламаның мақсаты зиянды қалдықтарды жою, сондай-ақ, жеке бөлікті 2020 жылы 35 пайызға, ал 2050 жылы 80 пайызға жеткізу.

Үкімет басшысы Ақтау мен Қарағандыдағы ТҚҚ өңдеу зауыттарының құрылыс туралы да атап өтті.

"Елімізде қалдықтарды өңдейтін зауыттар жоқ деуге болады. Бұл саланы реттейтін құқықтық негіз де қалыптаспаған. Жаңа бағдарлама осы мәселелерді шешуге бағытталған",- деді Премер-Министр.

Премьер-Министр Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне Өңірлік даму министрлігімен, әкімдіктермен қоса аталмыш жобаны қайта қарауды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны