04.04.2012, 12:54 3820

Үкіметте ТКШ жаңғырту мәселелері талқыланды

Бұл шаралар Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауымен жүктелген тапсырмаларды орындау үшін әзірленуде.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Үкіметте Премьер-Миннистр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен отырыста ТКШ жаңғырту бағдарламасына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың жобасы қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жаңадан ұсынылып отырған шаралар көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу тетігіне халықтың барлық санатының қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл шаралар Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауымен жүктелген тапсырмаларды орындау үшін әзірленуде.

Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің төрағасы С.Нокин ТКШ жаңғыртудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың жобасын таныстырды.

Қазіргі бағдарламаға сәйкес, көп пәтерлі тұрғын үйлер екі тетік бойынша, атап айтқанда аймақтық ұйымдар - әлеуметтік-кәсіпкерлік кәсіпорындар және әкімдіктің уәкілетті органдары - ЖШС және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар арқылы қайтарылатын негізде бюджет қаражаты есебінен жөнделеді.

2013 жылдан бастап тұрғын үйлер республикалық бюджеттің қаражаты есебінен уәкілетті органдардың күрделі жөндеу жүргізуі негізінде бір тетік бойынша жүзеге асырылады деп күтілуде. Атап айтқанда, тапсырыс беруші болып табылатын жеке пәтер иелері кооперативі мен әкімдіктің уәкілетті органы - ЖШС арасында келісімшарт жасалады. Пәтер иелерінің жалпы жиналысымен келісе отырып, ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігерді тартады. Пәтер иелері ПИК-ке (пәтер иелерінің кооперативі) бастапқы жарна салады, ол қаражат кейін әкімдіктің уәкілетті органы жүргізетін жөндеу жұмыстарын төлеу үшін пайдаланылады. Келісімшартта бекітілген мерзім ішінде пәтер иелері ай сайын жинақ ашқа салып отырады, кейін ол қаражат бөліп төлеу негізіндегі ЖШС-ға төленген қаржы болып есептелінеді.

Тағы бір ерекше айта кететін жайт, тұрғын үйлерді жөндеудің осы тетігін жүзеге асыруда әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін атаулы әлеуметтік көмек көзделген. Оларға кондоминиум нысанының ортақ мүлкін жөндеу шығындарын өтеу үшін және жарналарын төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

Қазіргі қолданыстағы Бағдарламада бойынша үйлерді жөндеуді бюджеттік қаржыландыру кезінде пәтер иелері жөндеу құнының кем дегенде 15 пайызын міндетті түрде алғашқы жарна салу қарастырылған. Қарастырылып отырған өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, 2012 жылы пәтер иелерін алдын ала жарна салудан босату көзделген. Болашақта алдын ала қаржы салу мөлшері келесідей болып белгіленеді: 2013 жылы - 3 пайыз, 2014 жылы - 5 пайыз, 2015 жылдан бастап - кем дегенде 7 пайыз.

Оған қоса, бүгін таныстырылған жобада барлық тараптардың - әкімдіктің, уәкілетті органдар - ЖШС, ПИК және тұрғындар жиналысының іс-қимылдары регламенттеліп отыр.

"Жоба қабылданса, үйлерді жөндеуден өткізу тетіктерінің халықтың барлық санатына, соның ішінде әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға да қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, осы тетіктерге қатысушылардың міндеттері мен жауапкершілігін анықтауға мүмкіндік береді", - деп мәлім етті Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің төрағасы С.Нокин.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бір апта ішінде ТКШ жаңғырту бағдарламасына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы қаулы жобасын толықтыруды міндеттеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны