13.03.2009, 16:43 3295

Үкіметте тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту мәселелері бойынша селекторлық кеңес өтті

Үкіметте тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту мәселелері бойынша селекторлық кеңес өтті

Астана. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Ахметов тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында С.Ахметов "Елбасы тұрғын үй - коммуналдық саласын дамытуды мемлекеттік органдардың алдағы кезеңдегі жұмысының негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындағанын" атап өтті.

Бұған дейін ҚР үкіметі ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында жарияланған тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар және іс қимыл жоспарын (жол картасын) бекітті. Жол картасына сәйкес, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту және жаңартуға қатысты іс-шаралар жоспары осы сала жұмысының тиімділігін арттыруды көздейді.

Бұл орайда, қосымша қаржы көзінің көлемі 50 млрд. теңгеге дейін көбейеді және ол сумен жабдықтау, кәріз, жылу беру, энергиямен жабдықтау нысандарының құрылысына және қайта жөндеуге жұмсалады. Аталған шараларды іске асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылады деп көзделуде. Аймақтық операторлар ретінде жергілікті атқарушы органдар айқындалды.

Жергілікті атқарушы органдар негізгі күшті еңбекпен қамту, мамандарды қайта даярлау Стратегиясын жүзеге асыруға, сондай-ақ, тұрғын үй - коммуналдық саладағы жұмыстарды орындауға жұмылдырады.

Сонымен қатар, жұмыссыздықтың алдын алу, кадрларды оқыту мен қайта даярлау, негізгі өндірістерде уақытша босаған жұмысшыларды еңбекпен қамту жөніндегі міндеттерді де біржола шешу көзделіп отыр.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысы мен оларды жаңарту осы сектордың қуаттылығы мен тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Селекторлық кеңес барысында Астана, Алматы және Семей қалаларының, сондай-ақ, Қостанай облысының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысына, қайта жөндеуге мұқтаждықтары және бұл жобаларды іске асыруға қажетті еңбек ресурстары, тауарлар мен қызмет түрлерінің көлемін айқындау туралы ұсыныстары тыңдалды.

Кеңеске қатысушылар тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласын бірлесіп қаржыландырудың тетіктері мен өлшемдерін айқындау, сондай-ақ, қосымша бөлінген қаражатты тиімді әрі дер кезінде игеру мәселелерін талқылады.

С.Ахметов жергілікті атқарушы органдардың басшыларына аймақтық тұтынымға қатысты қажетті ақпаратты жедел беріп отыруды тапсырды. Ол мақсатты трансферттерді бөлудің жылдамдығы осыған байланысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары бірқатар министрліктердің, облыстардың басшылары мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне дағдарыстан кейінгі орнықты дамуға қажетті жағдай туғызу жөніндегі міндеттерді шешу үшін тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласын әрі қарай дамыту және қайта жөндеуге қатысты нақты ұсыныстарын үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны