15.02.2011, 15:33 4275

Үкіметте тұрғын үй мәселесі қаралды

Үкімет қол жетімді тұрғын үй бағасын 1 шаршы метрі үшін 170 мың теңгеге дейінгі деңгейде белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - ақпан. Kazakhstan Today - Үкімет қол жетімді тұрғын үй бағасын 1 шаршы метрі үшін 170 мың теңгеге дейінгі деңгейде белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Үкімет бүгінгі отырыста жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша қол жетімді тұрғын үй бағасын өңірлерге байланысты 1 шаршы метрі үшін 170 мың теңгеге дейінгі деңгейде белгілеген.

Отырыста аталған бағдарламаны таныстырған Құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокиннің атап өтуінше, тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау 3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылмақ.

"Бірінші бағытта тұрғын үй құрылыс жүйесін пайдаланып жүзеге асыру үшін қымбат емес тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылса, келесіде құрылысты қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру іске асырылады. Ал соңғы кезеңде инженерлік коммуникациялар салу қолға алынады", - деді агенттік төрағасы.

С.Нокиннің атап өтуінше, үш бағытта қарастырылған шаралар жүзеге асырылған жағдайда жыл сайын елімізде шамамен 6 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етілетін болады.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов эконом-класс санатында салынатын үйлердің 1 шаршы метрінің құны 170 мың теңгелік шектен аспауы керектігін баса айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны