03.02.2009, 10:09 1565

Үкіметте тұрғын үй нарығын тұрақтандыру мәселелері жөнінде кезекті кеңес болып өтті

Үкіметте тұрғын үй нарығын тұрақтандыру мәселелері жөнінде кезекті кеңес болып өтті

Астана. 3 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрінің орынбасары Ө.Шүкеевтің төрағалығымен кеше үкіметте тұрғын үй нарығын тұрақтандыру мәселелері жөнінде кезекті кеңес болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске министрліктер, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің басшылары, жүйеқұраушы банктердің, қаржыгерлер қауымдастығының және Қазақстан құрылыс салушылар, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ т.б өкілдері қатысты.

Кеңесте жүйелі мәселелермен бірге, жекелеген нысандардың құрылыс барысы қаралды.

Жүйелі мәселелердің арасында бүгінгі таңда "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ екінші деңгейлі банктермен үкіметтің тұрақтандыру бағдарламасын іске асыруда банктердің қатысуы туралы және тұрғын үй құрылысы үдерісіне тұрғындардың сенімін арттыру мәселесі айырықша маңызды болып табылады.

Кеңесте келісім-шарт жобасына қатысты негізгі келіспеушілік еңсеріліп, премьер-министрдің орынбасарымен қысқа мерзімде қол қою үшін жобаны әзірлеу тапсырылды.

Тұрғындардың құрылыс салушыларға сенімін арттыру мәселесі бойынша, бұрын хабарлағанымыздай, 29 қаңтарда Алматы қаласында осы тақылеттес кеңесте құрылыстың аяқталмай қалу жағдайында жаңа сатып алушылар тәуекелділігін сақтандыру қажеттілігі атап өтілген. Сақтандыру тетіктері бүгінгі кеңесте әріқарай жалғасып, қорытындысы бойынша Қазақстан нарығында сәтті қолданылып жүрген құрылыс салушылар нысанның құрылысын аяқтамаған жағдайда үлескерлердің жарналарын қайтаруға кепілдік беру жүйесі әзірленді.

"Самұрық-Қазына" ҰИАҚ басқарушы директоры Ийтекенов бастаған жеке топқа бір апта мерзім ішінде аталған сұлбаны қалыптастыру және қажетті құжаттарды дайындау тапсырылды.Сонымен бірге, "БиАйГрупп" компаниясы және "Қазкоммерцбанк" АҚ қалыптастыратын "босатылған баға бойынша тұрғын үйді сатып алу" тетігі бойынша тұрғын үйді сатып алатын бірінші сатып алушылар пулына осындай кепілдік беріледі.

Сондай-ақ, кеңесте Астана қаласы әкімдігі мен Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс істері жөніндегі комитетіне бақылау міндеті жүктелген жекелеген нысандардың құрылыс барысы қаралды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны