17.10.2006, 09:30 2723

Үкіметте Илеуметтік -кәсіпкерлік корпорация құру мәселесі бойынша кеңес өтті

АСТАНА. 17қазан. Kazakhstan Today. Премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ИКК) құру мәселесі бойынша кеңес өтті.Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне үкіметтің баспасөз қызметінен хабарлады.

Даниал Ахметов өткен аптада Қарағанды облысында "Сарыарқа" ИКК құру, сондай-ақ келешекте республиканың алты өңірінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ИКК) құру мәселесі бойынша берілген тапсырмаға қатысты ақпарат тыңдады.

"Сарыарқа" корпорациясы бойынша, кеңесте Қарағанды облысында бос жатқан жер қойнауы, облыстық дейгейдегі нысандары бойынша талдау ұсынылды. Сонымен қатар, аймақ жетекшілері үстіміздегі жылдың 16 қазаннан 31 желтоқсанға дейін облыстағы қалалар аумағында жер телімдерін бөлу үдерісін тоқтатуға және пайдалы қазбаларды жалпытаратуға арналған жер қойнауын пайдалануға құқық беруге мораторий енгізу туралы қаулы жобасын әзірленген.

Осыған дейін айтылғандай, Мемлекет коммуналдық меншіктегі бағаланбаған активтерді, рентабельді емес мекемелерді, сондай-ақ аудан мен облыс деңгейіндегі жер телімдері мен инфрақұрылымдарды ИКК-на беруді көздеп отыр. Одан кейін жер телімдері корпорация арқылы сатылатын болады немесе ауыл шаруашылығын өндірушілерге жалға беріледі. ИКК-ның қызметінен түскен кіріс өңірдің әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.

Жалпы алғанда, 2007 жылы бюджеттен жеті ИКК-ның жарғылық қорына 14 млрд. теңге, яғни әрқайсысына 2 млрд. теңгеден бөлу жоспарланған.

Кеңес соңында, Д. Ахметов Үкімет жанынан Индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталов жетекшілік жасайтын жұмысшы тобын құруға тапсырма берді. Бұл топ ИКК құруға байланысты мәселені шешу үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Даниал Ахметов атап өткендей, жұмысшы тобы бір айда корпорация жұмысына қажетті барлық нормативтік құқықтық негіздерді әзірлеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны