16.03.2012, 11:49 3647

Үкіметте Жаңаөзен қаласының мәселелері талқыланды

С.Ахметов кеңесті ашқан сөзінде, "Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерінің шешілу жағдайы Елбасының тікелей бақылауында екенін" атап көрсетті.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Үкіметте Жаңаөзен қаласының мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов бүгін орталық атқарушы орган басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Онда Жаңаөзен қаласының мәселелері қаралды.

С.Ахметов кеңесті ашқан сөзінде, "Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерінің шешілу жағдайы Елбасының тікелей бақылауында екенін" атап көрсетті.

"Үкімет қаланы дамытудың бірінші кезектегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін, сондай-ақ ұзақмерзімдік кезеңге жұмыспен қамту мәселесін жүйелі шешу бойынша біраз шаралар қабылдады", - деді бірінші вице-премьер өз сөзінде.

Екі мыңдай адамды жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясы екі жаңа сервистік кәсіпорын құрды. Оған қоса, жұмыстан босатылған мұнайшылар мен олардың отбасы мүшелерінің екінші деңгейлі банктердегі несиелерін қайта құрылымдау мәселесі де шешілуде",- деп атап көрсетті. С.Ахметов өз сөзінде.

С. Ахметов, "Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында бекітілген барлық шаралар мерзімінде іске асырылатын" атап көрсетті.

Үкіметте сондай-ақ, Жаңаөзен қаласын дамыту мәселесі бойынша жедел шешімдер қабылдау үшін орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының қатысуымен ай сайын кеңес өткізілетіні атап көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны