30.12.2011, 12:33 3823

Үкіметтік комиссия "Қаражанбасмұнай" компаниясының еңбек ұжымымен кездесті

28 желтоқсан күні Үкіметтік комиссияның жетекшісі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджанов, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының басшысы Ләззат Қиынов және "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның бас директоры Алик Айдарбаев Қаражанбас кен орнында болып, "Қаражанбасмұнай" АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті

Астана. 30-желтоқсан. Kazakhstan Today - 28 желтоқсан күні Үкіметтік комиссияның жетекшісі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджанов, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының басшысы Ләззат Қиынов және "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның бас директоры Алик Айдарбаев Қаражанбас кен орнында болып, "Қаражанбасмұнай" АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында хабарланады.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен хабарлағандай, әңгіме барысында үкіметтік комиссия мүшелері жалақы жүйесіне қатысты кәсіпорын жұмысшыларының сауалдарына жауап берді. Бүгінгі таңда кәсіпорын кедергісіз жұмыс істеп отырғанын айта кету керек.

Ақтау қаласында Үкіметтік комиссия "Қаражанбасмұнай" АҚ және оның еншілес кәсіпорындарының жұмыстан шығып қалған жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында жаңадан құрылатын мемлекеттік компанияларға жұмысқа орналастыру туралы ұсыныстар айтылды.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа кәсіпорындар 2012 жылдың 15 қаңтарына дейін құрылады. Өтініштер қабылдау қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

Ведомствода хабарлағандай, "Қаражанбасмұнай" АҚ мен "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалына жұмысқа қабылдау туралы 400-ден астам өтініш келіп түскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны