28.04.2008, 18:27 2924

Үкіметтік комиссия Қазақстанда бизнес қызметін дамытуға ықпал ететін кейбір нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін түзетулер қоржынын бір апта ішінде дайындайды

Үкіметтік комиссия Қазақстанда бизнес қызметін дамытуға ықпал ететін кейбір нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін түзетулер қоржынын бір апта ішінде дайындайды

Астана. 28-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес-климатты жақсарту жөніндегі комиссия Қазақстанда бизнес қызметін дамытуға ықпал ететін кейбір нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін түзетулер қоржынын бір апта ішінде дайындайды, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мұндай тапсырманы бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес-климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысында берді.

"Мемлекеттік органдардың өкілдері отырысқа қатысушыларды кәсіпкерлік бірлестіктер мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары мен ұстанымдары бойынша әзірленген нақты іс-шаралармен таныстырды. Атап айтқанда, талқылауға құрылыс жүргізуге, сондай-ақ кедендік үдерістерге рұқсат алу, кәсіпорандар мен жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде шағын жәна орта бизнес өкілдері тарапынан туындайтын маңызды проблемаларды шешу жөніндегі іс-шараларды енгізді",- делінген хабарламада.

ҚР үкіметі жанынан құрылған ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган болып табылатын комиссияның негізгі мақсаты кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді төмендету жөнінде шаралар және мемлекет пен бизнес-қоғамдастығы арасында үйлесімді ұстаным әзірлеу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны