24.10.2012, 16:18 3191

Үкіметтік комиссия "ҚазТрансОйлдың" акцияларын нарыққа шығаруды мақұлдады

"Қазақстан Республикасы үкіметі жанындағы Стратегиялық нысандар жөніндегі комиссия "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 38 463 559 акциясын қор нарығына шығаруды мақұлдады", - деп жазды Бишимбаев өз блогында.

Астана. 24-қазан. Kazakhstan Today - ҚР үкіметі жанындағы Стратегиялық нысандар жөніндегі комиссия "ҚазТрансОйлдың" акцияларын қор нарығына шығаруды мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишимбаев Facebook-тегі жеке бетінде хабарлады, деп жазады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Қазақстан Республикасы үкіметі жанындағы Стратегиялық нысандар жөніндегі комиссия "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 38 463 559 акциясын қор нарығына шығаруды мақұлдады", - деп жазды Бишимбаев өз блогында.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының акциялары 2012 жылдың қазан-қарашасына сатылымға шығарылатыны хабарланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны