16.03.2007, 15:44 2956

Үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы мақұлданды

АСТАНА. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Меніңше, бұл бағдарламаның бір ерекшелігі біздің барлық жоспарларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйелі көзқараста жатыр",- деді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, бұл құжатты дайындау барысында үкімет "әлеуметтік-экономикалық проблемалардың тереңдіші мен өзектілігін, барлық күшті және осал тұстарды талдап, президент алға қойған мақсаттарды шешуге бағытталған нақты көқарастарды дәйектеді". "Біз оларды жүзеге асырудың нақты жолдарын көріп отырмыз, бағдарламаны дайындауға жұмсалған екі айдан астам уақытта біз барлық бағыттағы іс-шараларға қатысты үкіметтің біртұтас көзқарасын қалыптасырдық. Бұл жақсы бастама деп ойлаймын",- деді үкімет басшысы.

Ол "осы бағдарламаның озық идеялар мен талпыныстарды тежейтін инертті әрі статикалық құжатқа айналмайтынына" сенім білдірді. "Жаңаша ағымдарға байланысты бағдарлама толықтырылып, түзетіліп, сапасы жақсара түсуге тиіс",- деді ол. "Бағдарламаны жүзеге асырудың басты критерийі - ел халқының әл-ауқаты мен тіршілік сапасының тұрақты әрі тепе-тең өсуі болмақ. Және оның атқарылуы үшін әрқайсымыз жеке жауапкершілік жүктейміз",- деді ол.

ҚР премьер-министрінің орынбасары-экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусинннің айтуынша, бағдарламада үкіметтің алдағы үш жылға арналған қызметінің стратегиялық мақсаты ретінде тұрақты даму қағидаттарының негізінде еліміздің бәсекелестігін арттыру міндеті айқындалды.

Бағдарлама жобасы негізгі 10 бағыттан тұрады. А. Мусиннің айтуынша, бағдарламада республикадағы жаңарулардың кепілі және негізі - мемлекеттік жоспарлау жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеретін іс-шаралар жоспарланған. Мемлекеттің экономикалық саясатын тиімді жүргізуді арттыру шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, фискалдық саясатты іске асыру аясында салықтық-бюджеттік саясаттың тетіктерін теңбе-тең жетілдіруді қамтамасыз ету, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру, мемлекеттің қаржылық міндеттемелерінің толық орындалуы талап етіледі. "Инфляциялық саясатта бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, қаржы секторының мығымдылығына және бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударылады", деді ол.

Сонымен қатар, бағдарламада табиғи ресурстарды ұтымды әрі тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша толық кешенді жүйелі іс-шараларды іске асыру жоспарланған. "Қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті, қол жетімді білім және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек саяатын және еңбек қатынастарын жетілдіруге айрықша назар аударылып отыр".

Экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру, сондай-ақ тұрғын үй проблемасын және халықтың сұранысын шешу үшін іс-әрекеттің кең ауқымы белгіленген. Техникалық реттеудің жаңа үлгісіне көшу қарастырылған.

Үкімет бағдарламасында сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылып отыр. Бұл бағытта экономиканың және еліміз халқының көлік қызметіне сұранысын қанағаттандыру, еліміздің энергетикалық әлеуетін артыру, телекоммуникация рыногының бәсекелестігін қарқынды дамыту көзделіп отыр. Сондай-ақ, бағдарламада өңірлердің бәсекелестігін арттыруды қамтамасыз ететін аумақтық даму қарастырылып, Қазақстанның әлемдік экономикамен сәтті ықпалдасуына ықпал ететін тәсілдер анықталған. Сонымен қатар, бағдарламада жаңа жағдайда жұмыс істеуге қабілетті мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға баса назар аударылған.

К.Мәсімов үкімет басшысының кеңсесіне экономика және бюджетті жоспарлау министрлігімен бірлесіп 19-наурызға дейін үкімет бағдарламасының жобасы мен оны бекіту жөніндегі президент жарлығының жобасын бүгін қабылданған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып толықтыра дайындауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны