09.02.2007, 16:13 3114

Үкіметтің басым мақсаттарының бірі - Каспий өңірінің экожүйесін сақтап қалуға саяды

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Үкіметтің басым мақсаттарының бірі - Каспий өңірінің экожүйесін сақтап қалуға саяды. Бұл туралы үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасы туралы баяндамада айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Үкіметтің айрықша маңызды мақсаттарының бірі - Каспий өңірінің экожүйесін сақтап қалуға саяды. Үкімет экологиялық мониторинг жүргізу принциптерін енгізуді көздеуде, мұнай компанияларының іс-қызметінен келетін экологиялық шығынды бағалау әдістемесі жасалды, аталмыш проблеманы реттеудің халықаралық құқықтық тетіктері іске қосылды".

Үкімет сонымен қатар өндіріс пен тұтыным қалдықтарын орналастыру және оларды пайдалы жарату жұмыстарын мемлекет тарапынан қадағалауды күшейтпекші. Табиғатты тиімді пайдалануға ынталандырудың экономикалық ықпалды тетіктерін ойлап табу көзделіп отыр.

"Үкімет орман қоры, жан-жануарлар әлемі, табиғи-қорық аймағындағы нысандарды сақтап қалу мен тиімді пайдалануға қатысты өз жауапкершілігін айқын сезінеді",- делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны