09.09.2016, 11:06 4245

Үкіметтіӊ жаӊа құрамы жақын күндері жасақталады - Елбасы

Жақын күндері Үкіметтіӊ жаӊа құрамы жасақталады. Бұл туралы бүгін Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жақын күндері Үкіметтіӊ жаӊа құрамы жасақталады. Бұл туралы бүгін Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Бүгін тапсырмаларды бердім. Осы ретте Астанаға келген өӊір әкімдері тиісті кездесулерді өткізіӊдер. Бүгін-ертеӊ, таяу арада Үкіметтіӊ құрамы қалыптастырылып, тағайындалатын болады, яғни жұмысқа кіріседі. Елімізге, халқымыз үшін бірігіп жұмыс істейік! Барлықтарыӊызға сәттілік тілеймін!",-деді Президент.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта отставкадағы Үкіметте айта қоярлықтай өзгерістер болмайтынын айтқан болатын.

"Үкіметте жалпы өзгерістердіӊ болып жатқанын естіп, біліп отырсыздар. Оныӊ өзіндік логикасы бар. Бұл - біріншіден. Екіншіден - қауіпсіздік мәселесін күшейту, нығайту мәселесі де бар. Содан кейін мен Кәрім Мәсімовті өзініӊ келісімі бойынша қажетті жерге тағайындадым. Тәжірибесі бар. Республиканыӊ жағдайын біледі деп тағайындадым. Премьер-Министрді қызметінен босатуыма байланысты қазір Үкімет отставкада. Көп созбай бәрін шешетін боламыз. Жаӊа басшыларды да, жаӊа министрлерді де. Онша көп өзгерістер бола қоймас деп ойлаймын. Себебі Үкімет қиын-қыстау жағдайда жүктелген тапсырманы орындап жатыр", - деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны