08.05.2009, 16:15 3039

Үкіметтің жанындағы жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның кезекті мәжілісі өтті

Үкіметтің жанындағы жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның кезекті мәжілісі өтті

Астана. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы үкіметінің жанындағы жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) кезекті мәжілісі өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліске мемлекеттік органдардың, халықаралық сарапшылар кеңесінің және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.

ЖҒТК мүшелері Қазақстан Республикасының инновациялық даму мәселелерін қарады. Атап айтқанда, 2010-2012 жылдарға арналған қазақстандық үлесі бар инновациялық жобаларды және ғылыми- техникалық бағдарламаларды іске асыру жайы талқыланды.

"Қазіргі таңда, мемлекет басшысы үкіметтің алдына қойып отырған негізгі міндеттің бірі - экономиканы әртараптандыру мәселесі. Бұл өз кезегінде инновациялық ғылыми зерттеулер мен ізденістерді қажет етеді",- деді К.Мәсімов.

ЖҒТК мүшелері ғылыми ұйымдар дайындаған инновациялық жобалар мен ғылыми- техникалық бағдарламаларды егжей- тегжейлі талқылап, есептерін тыңдады.

Премьер-министр тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына бюджеттік бағдарламаларға енгізу үшін және республикалық бюджеттік комиссияда бекіту үшін берілген ұсыныстарды әріқарай пысықтауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны