17.09.2007, 16:22 1500

Үкіметтің жарақаттағыш қаруды әкелуді және тіркеуді реттейтін қаулысы қазанның аяғына дейін қабылданатын болады - ІІМ

Үкіметтің жарақаттағыш қаруды әкелуді және тіркеуді реттейтін қаулысы қазанның аяғына дейін қабылданатын болады - ІІМ

АЛМАТЫ. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - Үкіметтің жарақаттағыш қаруды әкелуді және тіркеуді реттейтін қаулысы қазанның аяғына дейін қабылданатын болады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің лицензиялық-рұқсат беру жұмыстары басқармасының бастығы Тимур Асылбеков хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан аумағында "Қару және оның оқтарының айналым ережесі" қолданыста, ол үкіметтің 2000 жылдың 3-тамызындағы қаулысымен бекітілген, бұл ережеге толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі, онда аталмыш қаруды әкелу мен тіркеу тәртібі қарастырылады". "Қазанның аяғына дейін бұл түзетулер қабылданады",- деп атап көрсетті Т. Асылбеков.

Басқарма бастығының түсіндіруінше, қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі "қаулыны әзірлеп, оны келісуге және ғылыми сараптама жүргізу үшін мемлекеттік органдарға жіберген". Ол сондай-ақ аталмыш түзетулердің сыбайлас жесқорлыққа қарсы сараптамадан да өтетіндегін нақтылап өтті. "Қазір - кәсіпкерлік субъектілерімен, азаматтардың құқығы шектелетін жерлерге байланыстының барлығына міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізіледі", - деп түсіндірді Т. Асылбеков.

Изірге полицейлер енгізілетін түзетулердің барлығын жария ете алмайды, бірақ Т. Асылбеков жарақаттағыш қаруды тіркеу жөніндегі құжаттар атыс қаруын тіркеуге талап етілетін құжаттар сияқты болатындығын, себебі оның да атыс қаруына жататындығын" нақтылап өтті.

Т. Асылбеков, жарақаттағыш қаруға тыйым салу осы жылдың басында енгізілген болатын, ал өткен жылдың қыркүйегінен дүкендер жарақаттағыш қаруды сатып алушыларды тіркеуге өздері келіскендігін" еске сала кетті. "Бұл қаруды тіркеу басталғанда қарудың кімнің қолына түскендігін білу үшін жасалынып отыр. Ийтпесе, осы күнге дейін азаматтардың бақылаусыз және есепке алмай сатып алған қарулары біздің бақылауымыздан тысқары әркімнің қолына өтіп кетіп жатыр",- деп түсіндірді ол.

"Біз аталмыш қаруға рұқсат беру тәртібін жайдан-жай енгізіп отырған жоқпыз, Ресейде бұндай тәртіп басынан-ақ болған, ал бізде заңнамалық базамыз ақиқаттан біраз кейін қалып отыр",- деп атап көрсетті басқарма бастығы. Оның ақпараттарына сүйенсек, Ішкі істер министрлігі талдау жүргізу нәтижесінде "2004 жылы жарақаттағыш қаруды қаруды пайдалану арқылы 19 қылмыс жасалғандығын, 2007 жылы 70-ке жуық қылмыстың, ал 2006 жылы 168 қылмыс жасалғандығын анықтаған". "Сондықтан да 2005 жылы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау қою туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу ІІМ заң жобалау жөніндегі жұмыс жоспарына енгізілген болатын, ал 2006 жылы біз заң жобасын үкіметке енгіздік, және ол тек биыл ғана ол қабылданды",- деп қорытындылады Т. Асылбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны