21.04.2008, 11:36 1199

Икімшілік реформа мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған

Икімшілік реформа мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Икімшілік реформа мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға және мемлекеттік органдардың тиімділігін көтеруге бағытталған, деп мәлімдеді Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов дүйсенбі күні ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында жоғары буындағы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін шыңдау курсын ашқан кезде.

"Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер, бірінші кезекте экономиканың жаһандана түсуі бізді мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарауға, жұмысты жаңа координаттар жүйесінде қайта құруға мәжбүрлейді", - деді үкімет басшысы.

Ол әкімшілік реформаның алға қойған мақсаттары ""Қазақстан-2030" стратегиясынан бастау алатынын" мәлім етті.

"Икімшілік реформаны табысты жүргізу қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті экономиканы құруды қамтамасыз етуге тиіс", -деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы көтеріліп, мемлекеттің жеке меншік секторға араласуы азаюға тиіс.

Жоғары буындағы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін шыңдау курсы ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында сәуірдің 21 мен 25 аралығында өткізіледі. Осы курсты өткізу үшін Йорк (Ұлыбритания), Лондон бизнес мектебі, Колумбия университетінің (АҚШ) профессорлары, тәуелсіз халықаралық сарапшылар, Қазақстан үкіметінің мүшелері шақырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны