19.11.2012, 17:55 2611

Икімшілік реформа: мемлекеттік қызметкерлерді іріктеудің ашықтығы

Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасының негізгі бағыттарының бірі конкурстық іріктеудің ашықтығы мен әділдігі болып табылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктің төрағасы Илихан Бәйменов, Орталық Коммуникациялар Қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде.

Астана. 19-қараша. Kazakhstan Today - Икімшілік реформа: мемлекеттік қызметкерлерді іріктеудің ашықтығы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасының негізгі бағыттарының бірі конкурстық іріктеудің ашықтығы мен әділдігі болып табылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктің төрағасы Илихан Бәйменов, Орталық Коммуникациялар Қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының негізгі бағыты конкурстық іріктеудің ашықтығы мен әділдігі болып табылады", - деді И.Бәйменов.

Бұл бағыт тестілеуді конкурстық іріктеуге байланыссыз жүргізуді және конкурстық процедураларды 3 есе қысқартуды көздейді.

Заң жобасының келесі бағыты конкурстан тыс тағайындаулар мүмкіндіктертін қысқарту жөніндегі шараларды енгізу болып табылады. Бұл "командалық ауысу" тәжірибесі мен мемлекеттік қызметке кадрларды конкурстан тыс тағайындауды неғұрлым азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ, заң жобасының негізгі бағыттарының қатарында Илихан Бәйменов әкімшілік жүйесі қызметкерлерін құқықтық қорғауды көздейтін әкімшілік қызметкерлерді қорғау жөніндегі шараларды күшейтуді атап көрсетті.

"Құқықтық қорғауға жағдай жасай отырып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "меритократия мен кәсіпқойлықтың омбудсмені" болуы қажет", - деді И.Бәйменов.

Заң жобасының төртінші сегменті басқарушылық деңгейіндегі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды ұстайтын "А" басқару сыныбын құру болып табылады, олар үшін кадрлық резервке іріктеу мен конкурстық іріктеудің Қазақстан Республикасы Президенті айқындаған айырықша тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары қолданылатын болады.

Мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар енгізілген қызметтік этика туралы тарау бесінші бағыт болып табылады.

Жұмысты жүзеге асыру шеңберінде барлық бес бағыт бойынша халықтың кадр іріктеу жүйесіне сенім деңгейін, мемлекеттік қызметкерлердің меритократия ұстанымдарының сақталуына сенім деңгейін және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру ретіндегі мақсатты индикаторларға жету жоспарлануда.

Сөз соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істеру агенттігінің төрағасы заңды қабылдау Мемлекет басшысының "Илеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" бағдарламалық мақаласында алға қойған міндеттер мен мақсаттарға жауап береді деді.

"Заңды қабылдау Елбасы Н.И.Назарбаевтың "Илеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" бағдарламалық мақаласында алға қойған міндеттермен сәйкес", - деп қорытындылады Илихан Бәйменов.

Қазақстанда әкімшілік реформа басталды, оның шеңберінде Елбасы Н.И.Назарбаев бекіткен Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы әзірленді. Қазіргі кезде "Мемлекеттік қызмет туралы" заң жобасы ҚР Парламентінің қарауына берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны