16.04.2007, 15:15 2433

Икімшілік реформалардың аясында үкімет басшысының кеңсесі қызметкерлерінің саны 30 процентке қысқарады

АСТАНА. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Икімшілік реформалардың аясында үкімет басшысының кеңсесі қызметкерлерінің саны 30 процентке қысқарады. Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта республика үкімет басшысының орынбасары - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір ықшамды әрі кәсіби аппарат жасақтау мақсаты қойылып отыр. Бұған жасалған алғашқы қадам ретінде үкімет басшысының кеңсесі қызметкерлерінің үштен бір бөлігі қысқарады. Қазір 307 қызметкер болса, 230 адамды қалдыруды жоспарлап отырмыз",- деді А.Мусин.

"Үкіметтің іс-қызметін қамтамасыз ететін үкімет басшысы кеңсесінің құрылымы өзгертілді. Мемлекет басшысы белгілеген әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын ескере отырып, жаңа құрылым үкіметтің стратегиялық және оперативтік мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға септігін тигізуге тиіс",- деді ол.

Үкімет басшысының орынбасары аталған шаралар президенттің "Икімшілік реформаларды одан әрі жүзеге асыруға бағытталған кейбір шаралар туралы" 2007-жылғы 29-наурыздағы жарлығын жүзеге асыру мақсатын көздейтінін атап өтті.

А.Мусиннің айтуынша, "бұл жерде беталды қысқарту туралы сөз болып отырған жоқ". "Президент ешкімді де негізсіз қысқартпау туралы айқын тапсырма берген. Сол себепті бұл мәселелер функцияларды талдау арқылы шешімін табады. Бір адам да көшеде қалмайды. Бұл мәселені үкімет қадағалап отыр. Барлығына да тең дәрежелі лауазымдар ұсынылатын болады",- деді вице-премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны