13.03.2007, 14:07 2590

Икімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту барысын талқылады

АСТАНА. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Комиссия мүшелері экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Виктор Супруннің баяндамасын тыңдады. Отырыс барысында мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ескертпелері мен ұсыныстары талқыланды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы талқылауды түйіндей келе, жекелеген ұсыныстар мен ескертпелерді жұмыс тобының кезекті отырысында қарауға қабылдау қажеттігін атап өтті. Осы ретте, К. Мәсімов барлық мүдделі мемлекеттік органдар мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту жөніндегі белсенді жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны