09.12.2009, 15:38 2998

ҰҚК алдында қарсы барлауды қамтамасыз етудің аса күрделі міндеттері тұр - Шаяхметов

ҰҚК алдында қарсы барлауды қамтамасыз етудің аса күрделі міндеттері тұр - Шаяхметов

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алдында қарсы барлау қызметін қамтамасыз ету жөніндегі аса күрделі міндеттер тұр. Бұл туралы бүгін парламент сенатының жалпы отырысынан кейін жаңадан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалған Иділ Шаяхметов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұырн да хабарлағанымыздай, бүгін парламент сенатының отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 55- бабына сәйкес сенат Шаяхметов Иділ Шаяхметұлын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындауына ел президентіне келісім берді.

"Қазақстан қазір ЕҚЫҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың төрағасы қызметіне кірісуде. Осыған байланысты бізге аса күрделі міндеттер жүктеліп отыр. Комитеттің күші мен құралдары біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады", - деді И. Шаяхметов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алдында қарсы барлау қызметін қамтамасыз етудің аса күрделі міндеттері тұр. "Қарсы барлау қызметін қамтамасыз ету бойынша аса күрделі міндеттер тұр. Ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар тындырылды, және біз оны одан әрі жалғастырып, өкінішке орай елімізде өз жұмыстарын жүргізіп жатқан шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтеріне қарсы тұратын боламыз", - деп мәлімдеді ҮҚК төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны