02.04.2009, 18:44 2985

ҰҚК азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті әлеуетке ие - мәжіліс комитетінің төрағасы

ҰҚК азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті әлеуетке ие - мәжіліс комитетінің төрағасы

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҰҚК органдары жұмысының нәтижесі қазіргі күрделі жағдайда азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы маңызды міндеттерді жедел және парапар шешуге мүмкіндік беретін қажетті әлеуеттің бар екендігіне куәландырады. Бұл туралы бүгін ҚР парламентінің мәжілісі комитетінің төрағасы Нұрбах Рүстемов комитеттің ҚР ҰҚК-дегі көшпелі мәжілісінде атап көрсетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ҚР парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі мәжілісі болып өтті.

Мәжіліс барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асырудың кең көлемді көкейкесті мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу болды.

ҰҚК басшысы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев депутаттарды терроризмге және экстремизмге, халықаралық есірткі бизнесіне қарсы әрекет ету, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздікті, мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы басым міндеттерді іске асыру туралы ақпарат берді.

"ҰҚК органдары жұмысының нәтижесі қазіргі күрделі жағдайда азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы маңызды міндеттерді жедел және парапар шешуге мүмкіндік беретін қажетті потенциалдың бар екендігіне куәландырады" деп атап көрсетті Нұрбақ Рүстемов мәжілістің қорытындысын жасап.

Сондай-ақ ол ұлттық қауіпсіздік, соның ішінде арнайы қызметтің жедел-іздестіру қызметінің мәселелері бойынша заңнамалық негізді жетілдіру мақсатында одан әрі тиімді өзара ынтымақтастықты, жұмыс байланыстарын нығайтудың маңыздылығын атап айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны