16.01.2007, 18:45 3158

ҰҚК есірткі сатушы топтардың әрекеттерінің жолын кесуге қатысты бірқатар іс-шаралар жүргізді, заңсыз айналымнан 107 кг героин мен апиын тәркіленді

АСТАНА. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. Республикамыздың Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі сатумен айналысатын халықаралық топтардың әрекеттерінің жолын кесуге қатысты бірқатар іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде шектесіп жатқан елдерден Қазақстанның солтүстік аймақтарына, одан әрі Ресейге шығаратын, шығу тегі ауғандық есірткілердің бірнеше транзиттік бағыттары жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қазақстан Республикасының ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан "ауыр" есірткі деп аталатын 107 кг героин мен апиын тәркіленді.

Шымкентте есірткі қылмысын ұйымдастыруға және жасауға қатысы бар үш азамат, атап айтқанда Қазақстан, Тәжікстан және Арменияның азаматтары құрықталды. Олардан 42 кг героин мен 50 кг апиын тәркіленді.

Осы тектес басқа да іс-шаралар барысында Тараз - Петропавловск - Астана және Тараз - Астана - Көкшетау деген есірткі тасымалданатын екі арна жойылды. "Астана мен Шучинскдегі аталмыш іс-шаралар нәтижесінде 4 кг героин мен 11 кг апиын тәркіленіп, есірткі сатушы топтың 8 белсенді мүшелері ұсталды",- деп хабарлаған баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны