06.09.2016, 12:30 3819

ҰҚК Мәскеу қаласында және Қазақстан аумағында "Париждегі оқиғаларға" ұқсас ауқымды террористтік актілерді жасауды жоспарлаған террористік топты әшкереледі

"Террористік топ 2015 жылдыӊ қараша айында шетелдегі террористердіӊ тапсырмасы бойынша Мәскеу қаласында және Қазақстан аумағында "Париждегі оқиғаларға" ұқсас ауқымды террористтік актілерді жасауды жоспарлаған. Ақпан айында осы топтыӊ 5 мүшесі біздіӊ астанамызда ұсталды және террористік әрекетке қатысқаны үшін сотталған болатын. Олардыӊ ішінде Қазақстан, Ресей және Тәжікстан азаматтары бар".

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҰҚК Мәскеу қаласында және Қазақстан аумағында "Париждегі оқиғаларға" ұқсас ауқымды террористтік актілерді жасауды жоспарлаған террористік топты әшкереледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы.

"Террористік топ 2015 жылдыӊ қараша айында шетелдегі террористердіӊ тапсырмасы бойынша Мәскеу қаласында және Қазақстан аумағында "Париждегі оқиғаларға" ұқсас ауқымды террористтік актілерді жасауды жоспарлаған. Ақпан айында осы топтыӊ 5 мүшесі біздіӊ астанамызда ұсталды және террористік әрекетке қатысқаны үшін сотталған болатын. Олардыӊ ішінде Қазақстан, Ресей және Тәжікстан азаматтары бар".

Орталық Азия мемлекеттерініӊ 4 азаматынан құрылған басқа топты Мәскеу қаласында ресейлік әріптестер қамауға алды. Қылмыскерлер Жеӊіс күнін мерекелеу кезінде Мәскеу қаласында террористтік актілерді жасауды жоспарлағаны белгілі болды.

"27 маусымда Теміртау қаласыныӊ тұрғыны қамауға алынды. Ол халықаралық террористердіӊ тапсырмасы бойынша шабуыл жасау мақсатында Оӊтүстік Қазақстан облысындағы объектілерді зерттеген. Осымен қатар, ауқатты бизнес өкілдерінен ақша қаражатын қорқытып алу арқылы терроризмді қаржыландыру арнасы қарастырылған. Бизнесмендердіӊ біреуініӊ жанұя мүшесін ұрлап әкету жоспарланған. Осы ниет ойдағыдай жүзеге асырылған жағдайда бұл қылмыстық бизнес тұрақты арнаға өтуі мүмкін еді",- делінген хабарламада.

Қарағанды облысынан үйлестіру әрекетін жүргізген шетел жауынгерлерініӊ Қазақстандағы жасырын көмекшісі де қоса ұсталды.

Аталған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 24 (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), және 192 (қарақшылық) баптары бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде.

Басқа топтар және жекелеген тұлғалар шетел идеологтарыныӊ үгіт-насихатыныӊ ықпалымен радикалданған. Олардыӊ белсенді әрекетке өту ниеттері жедел жолмен алды алынған болатын.

Шілде мен тамыз айларында Батыс Қазақстан облысында осындай көріністердіӊ бірқатарыныӊ жолы кесілді.

Алынған мәліметтердіӊ негізінде Орал қаласыныӊ тұрғыны қамауға алынды. Ол өзініӊ жұмыс орнындағы шеберханасында қолдан жасалған 2 жарылғыш құралды дайындаған. Жарылғаш затты өзініӊ ойынша "дінсіздерге" қарсы қолданбақ болған.

Радикалдыӊ туысқандары өздері жарылғыш құрылғылардыӊ схемаларын және компоненттерін атап беріп және оған қарсы әшкерелейтін айғақтарды берген.

Ұсталған азамат Интернет желісіндегі үгіттеу ықпалымен экстремистік идеяларды қабылдағаны анықталды, кейін сол идеологияны өзі таратқаны белгілі болды.

Террористке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодесініӊ 174 (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру), 255 (терроризм актісі), 256 (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) баптары бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде.

26 және 27 тамызда Батыс Қазақстан облысында 8 адамнан құралған топ ұсталды. Актөбедегідей олар қаруды иемдену мақсатында жергілікті құқық қорғау органдарыныӊ бөлімшесіне шабуыл жасауға ниеттенген. Кейін арнаулы қызмет пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауды жоспарлаған.

Ұсталғандардан пневматикалық мылтық, қолдан жасалған пышақтар, әртүрлі ақпараттық негіздегі экстремистік мазмұндағы материалдыр алынды. Топ мүшелері халықаралық террористік ұйымдардыӊ атрибутикасын қолдан жасап, оны үгіт-насихаттық мақсатта пайдаланған.

Топ мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 256 (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) және 257 (террористiк топ құру, оған басшылық ету және оныӊ әрекетіне қатысу), баптары бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде.

Осыған дейін 12 тамызда мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп жоғарыда аталған топ мүшелерімен байланысы болған 2 радикалдық тұлғаныӊ әрекетініӊ алды алынған болатын. Олар жалған ақша жасаумен айналысқан. Жалпы жалған екі жүз мыӊнан астам теӊге алынған болатын. Жалған ақшаны іске асыру арқылы табылған қаражат террористік әрекетті қаржыландыруға арналған деген болжам тергеу барысында тексерілуде.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 231-бабымен (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) соталды тергеу шаралары жүргізілуде. Іс материалдары құзыреттілігі бойынша Батыс Қазақстан облысыныӊ Мемлекеттік кіріс департаментіне берілді.

Алматы облысыныӊ радикалдық тобы Шекара қызметі мен Қорғаныс министрлігініӊ әскери бөлімдеріне, жоғары қызметтегі күштік құрылымдардыӊ қызметкерлеріне, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ өкілдеріне қарулы шабуыл жасауға ниеттенген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны