30.04.2014, 22:18 6835

ҰКП, БҒМ және ЕХИҚМ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Үшжақты меморандум жобасы білім берудің жаңа тетіктерін енгізу арқылы Қазақстандағы кәсіптік білім беру саласын дамыту бағытында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дайындаған ұсыныстар негізінде жасақталды. Бұл ұсыныстар кәсіби білім беру саласындағы замануи талаптарға сай келеді, деп ҰКП ресми порталы хабарлады.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, шарада техникалық және кәсіптік оқытуды дамыту бойынша бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.

Үшжақты меморандум жобасы білім берудің жаңа тетіктерін енгізу арқылы Қазақстандағы кәсіптік білім беру саласын дамыту бағытында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дайындаған ұсыныстар негізінде жасақталды. Бұл ұсыныстар кәсіби білім беру саласындағы замануи талаптарға сай келеді, деп ҰКП ресми порталы хабарлады.

Бірлескен жұмыс жоспары бірнеше бағытты қамтиды. Мәселен, мамандарды даярлауда және дуальді оқыту жүйесін енгізу бойынша заң жобасы әзірленеді. Атап өткен жөн, дуальді оқыту жүйесі арқылы азаматтар теориялық біліммен қатар, тәжірибе жүзінде кәсіби шыңдалуына мүмкіндік алады.

Дуальді оқытуда студенттерге тиімді, әрі әділ іріктеу жүргізу үшін күзде бірыңғай веб-сайт ашу жоспарланып отыр.

Қазақстанның әрбір облысында техникалық мамандарды дайындайтын оқу орындарында эсперименталды оқу жоспары енгізілмек. Оған сай, білім беру сағаттарының 60%-ын тәжірибелік сабақтарға арнау көзделеді.

Тағы бір жаңалық - кәсіптік білім беру орындары, мекемелер, студенттер және өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен 4 жақты келісімнің жасалуы.

Сондай-ақ, жоспарда бірқатар колледжді салалық қауымдастықтықтар, отандық мекемелердің сенімді басқаруына кезең-кезеңімен беру қаралған. Ирбір өңірде ірі мекемелер мен салалық қауымдастықтар бірлесіп оқу орталықтарын ашады. Ал, 2015 жылға қарай бұл жұмыстарға шетелдік қорлар мен компаниялар қаржысын тарту межеде бар. Студенттерді тәжірибелік баулу жұмыстары шетелдік компаниялар базасында жүргізіледі.

Министрлік өкілдері мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері атап өткендей, бұл қадам ел экономикасының қазіргі талаптарына сай келеді. Аталған жұмыстар 2011-2020 жылдарға арналған ҚР-дағы білім беруді дамыту бағдарламасы мен үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның заңды жалғасына айналмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны