03.07.2014, 20:55 3154

ҰКП елордалық кәсіпкерлерге арналған бизнес-порталды іске қосады

"Елорда күніне орай Астананың Кәсіпкерлер палатасы "Астана-2050" бизнес-порталын іске қосады. Потал іскерлік ақпаратқа қолжетімділікті арттырып, шетелдік инвесторларға шығуға мүмкіндік береді", - деді М. Мәжитов.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. ҰКП Қала күніне орай елордалық кәсіпкерлерге арналған бизнес-порталды іске қосады, деп ОКҚ брифингінде палата өкілі Мейірбек Мәжитов мәлімдеді.

"Елорда күніне орай Астананың Кәсіпкерлер палатасы "Астана-2050" бизнес-порталын іске қосады. Потал іскерлік ақпаратқа қолжетімділікті арттырып, шетелдік инвесторларға шығуға мүмкіндік береді", - деді М. Мәжитов.

Бизнес-порталда елорданың барлық экономика саласы бойынша сараптамалық ақпарат орналастырылады, сондай-ақ мемлекеттік-қаржылық көмек көрсету, елорда кәсіпорындарының байланыстары көрсетіледі.

Жалпы, М. Мәжитовтың айтуынша, бүгінгі таңда елордада 56 мың бизнес субъектісі жұмыс істеуде. Шағын және орта бизнестің қызметі 60 жалпы өңірлік өнімді құраса, 67 пайыз салық түсімінің шағын және орта бизнесінің үлесін құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны