25.04.2014, 19:12 3380

ҰКП-да табиғи монополиялар мәселесіне қатысты заң жобалары қаралды

Жұмыс тобының мүшелері бекітілген мерзімге - 2014 жылдың 30 сәуіріне дейін толықтырылған жаңа заң жобасы бойынша қорытынды ескертпелері мен ұсыныстарын жібереді.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасына ҰКП ескертулері мен қосымшалары" тақырыбымен ҚР ҰКП іскерлік алаңында дөңгелек үстел өткізді.

ҰКП ресми порталының хабарлауынша, келелі отырыста палатаның ескертулері мен ұсынысы ескерілген ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі ұсынған "Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР жетілдірілген заң жобасы қаралды.

Талқылауға ТМРА, ҚР ҰКП салалық комитеттердің хатшылығы мен қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Көптеген кездесулер мен талқылаулардың нәтижесі бойынша ТМРА заңжобасына қатысты ҰКП берген ескертулер мен ұсыныстардың 60% қабылдады.

Енді Жұмыс тобының мүшелері бекітілген мерзімге - 2014 жылдың 30 сәуіріне дейін толықтырылған жаңа заң жобасы бойынша қорытынды ескертпелері мен ұсыныстарын жібереді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны