04.06.2015, 13:00 3785

ҰҚШҰ әскери контигенттері тексеру барысында жүктелген міндеттерді орындауға даярлығын көрсетті

Бүгін, 4 маусымда Душанбеде Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған ҚР Қорғаныс министрлігініӊ делегациясы Тәжікстан Республикасыныӊ Президенті Эмомали Рахмонныӊ Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына қатысушы елдердіӊ делегация басшыларымен өткен кездесуіне қатысты.

Астана. 04 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін, 4 маусымда Душанбеде Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған ҚР Қорғаныс министрлігініӊ делегациясы Тәжікстан Республикасыныӊ Президенті Эмомали Рахмонныӊ Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына қатысушы елдердіӊ делегация басшыларымен өткен кездесуіне қатысты. Осыдан кейін ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеӊесініӊ отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырыста ҰҚШҰ Жедел іс-қимыл ұжымдық күштеріәскери контигенттерініӊ даярлығын тексеру бойынша тапсырмаларды орындау мәселелері қаралды.

ҰҚШҰ Біріккен штабыныӊ бастығы генерал-лейтенант А. Студенкин 2015 жылдыӊ 13-21 мамыры аралығындаТәжікстан Республикасы аумағында өткізілгенҰҚШҰ мүше елдері қарулы күштерініӊ әскери контигенттері бөлімдерініӊҰШҚҰ ЖДҚҰК қауырт тексеру қорытындылары туралы ақпаратты баяндады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Айта кетейік, мамыр айыныӊ соӊында Тәжікстан Республикасындағы "Харбмайдон" оқу-жаттығу полигонында өткен ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерін қауырт тексеруі аясында қазақстандық әскери қызметшілер үздік даярлық көрсетті.

Естеріӊізге сала кетсек, Қазақстан Республикасыныӊ әскери контигенті ҰҚШҰ құрамына кіретін мемлекеттердіӊ бөлімшелерімен бірлесіп Тәжікстан Республикасыныӊ аумағына басып кірген заӊсыз қарулы құралымды жою мәселесін пысықтады.

ҰҚШҰ басшылығы қазақстандық әскери қызметшілердіӊ даярлық деӊгейі, олардыӊ жабдықталуы, алыс аралыққа жөнелтілу кезіндегі ұтқырлығы, мақсаттар бойынша тапсырмаларды орындаудағы біліктілігі жоғары бағаланды.

Бұдан өзге әскери ынтымақтастық аясындағы отырыста коалициялық әскери құрылымныӊ (ҰҚШҰ Ұжымдық авиациялық күштер, ИШҚҚ және РҚҚБірыӊғай (Біріккен) жүйесін құру, ҰҚШҰ Біріккен штабыныӊ іс-қимылын жетілдіру) өзекті мәселелері, ҰҚШҰ ЖДҚҰК жедел өрістету құжаттарын нақтылау, әскери-техникалық ынтымақтастық сұрақтары талқыланды.

Сонымен қатар, ҰҚШҰ мүше елдер үшін негізгі ұйымдардыӊ және оларға әскери кадрларды даярлау жөніндегі филиалдардыӊ мәртебесін қарады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны