10.04.2009, 18:47 3451

ҰҚШҰ елдерінде "Заңсыз келуші-2009" операциясы өткізілді

ҰҚШҰ елдерінде "Заңсыз келуші-2009" операциясы өткізілді

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҰҚШҮ елдерінде 2009 жылғы 6-9 сәуір аралығында "Заңсыз келуші-2009" операциясы өткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ-нің

Тіл саясаты және ақпарат департаментінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің құзырлы органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің жанындағы заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері бойынша, 2009 жылғы 6-9 сәуір аралығында Ішкі, Сыртқы министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатысуымен мемлекеттік шекара арқылы Қазақстан Республикасы аумағына келетін заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша "Заңсыз келуші-2009" операциясы өткізілді. Осыған ұқсас іс-шараларды құқық қорғау органдары ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында да өткізді.

"Заңсыз келуші-2009" жедел-алдын алу іс-шарасына дайындық және өткізу мақсатында, бірлескен бұйрық бекітіліп, ІІМ, облыстардағы және көліктегі ІІД-де мүдделі ішкі істер, ҰҚК және ҰҚК Шекара қызметі органдарының қызметкерлерінен жедел штаб құрылды.

Көші-қон, жол, криминалдық полициясы қызметкерлерімен және ҰҚК Шекара қызметімен заңсыз көшіп-қонушылардың іс-қимыл жасауы мүмкін жерлерде, патрульдеу үшін мобильдік топтар құру жұмысы ұйымдастырылды, жолаушылар және жүк тасымалдау пойыздары, автобустар, жеңіл және жүк автокөліктері тексерілді, шекара маңайындағы елді мекендерінде паспорт тәртібін тексеру үшін рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Операцияны өткізу барысында, баспасөз қызметіінң ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзған 10166 шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, оның ішінде - 584 алыс шетел және 9582 ТМД азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мекеме мәліметінше, сот шешімімен елімізден 1481 шетелдік шығарылды, оның ішінде алыс шетелдерден 36 және ТМД-дан - 1445.

Азаматтың тұлғасын анықтау мақсатында қабылдау-тарату орындарына 882 адам, оның ішінде алыс шетелден - 25, ТМД-дан 857 адам орналастырылды.Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 200 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түрлі қылмыс жасағаны үшін 28 шетелдіктер ұсталды, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымы және сақтау бойынша - 4, қару-жарақ сақтағаны үшін - 4. Іздеуде жүрген - 46 адам ұсталды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін - 21 қылмыстық іс қозғалды, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны