15.02.2012, 15:31 3327

ҰҚШҰ қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы мақұлданды

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменовтың айтуынша, аталған келісім БҰҰ Жарғысы бойынша өз міндеттеріне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне қатаң сәйкестікте әрекет ете отырып, халықаралық құқықтық жалпыға танылған қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ҰҚШҰ-қа мүше мемлекеттер үшін қолайлы және тұрақты жағдайлар жасауға бағытталған.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын құру және қолдану тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құжат Парламент Сенатының қарауына жіберіледі. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменовтың айтуынша, аталған келісім БҰҰ Жарғысы бойынша өз міндеттеріне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне қатаң сәйкестікте әрекет ете отырып, халықаралық құқықтық жалпыға танылған қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ҰҚШҰ-қа мүше мемлекеттер үшін қолайлы және тұрақты жағдайлар жасауға бағытталған. Тараптардың қауіпсіздігі мен егемендігі, аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуді де қарастырады. Келісім 2010 жылдың 10 желтоқсанында Мәскеу қаласында жасалған.

"Құжат коалициялық және өңірлік әскери топтамаларын, біріктірілген әскери жүйелерінің топтамаларын бітімгершілік күштеріне қоса отырып негізгі қағидаттарды қамтиды", - дейді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Бұл ретте келісімнің мақсаты бір немесе бірнеше Тарапқа қатысты қарулы шабуылға (агрессияға), сондай-ақ басқа да қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге барабар ден қоюды қамтамасыз ететін ҰҚШҰ қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды қабылдау болып табылады.

Келісімге сәйкес ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің әлемге төнген қауіп-қатерлерді болғызбау және жою, соғыстар мен әскери жанжалдарды оқшаулау, Тараптарға қарсы шабуылдардан бірлесе қорғану секілді жағдайларда - Тараптардың ұлттық және ұжымдық мүдделерін, аумақтық тұтастығы мен егемедігін қамтамасыз етуі арқылы қолайлы бейбіт жағдайларды қамтамасыз ету мақсаты көзделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны