23.12.2014, 20:47 3691

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларыныӊ кездесуі өтті

Мемлекеттер басшылары ұйымныӊ жауапкершілік аймағындағы ахуалды талқылап, қауіпсіздіктіӊ жаһандық және өӊірлік сын-қатерлеріне қарсы ҰҚШҰ-ныӊ дағдарыстық әрекет ету жүйесі жағдайын қарастырды.

Мәскеу. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Кездесуге Президенттер, атап айтқанда, Қазақстаннан - Нұрсұлтан Назарбаев, Армениядан - Серж Саргсян, Беларусьтен - Александр Лукашенко, Қырғызстаннан - Алмазбек Атамбаев, Ресейден - Владимир Путин, Тәжікстаннан - Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттер басшылары ұйымныӊ жауапкершілік аймағындағы ахуалды талқылап, қауіпсіздіктіӊ жаһандық және өӊірлік сын-қатерлеріне қарсы ҰҚШҰ-ныӊ дағдарыстық әрекет ету жүйесі жағдайын қарастырды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар сессия барысында ұйымдағы төрағалықты Ресейден қабылдап алған Тәжікстан келер жылғы қызметтіӊ басым бағыттарымен таныстырды.

Қазақстан Президенті сессияға қатысушыларға арнаған сөзінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ барлығына ортақ міндет қауіпсіздікті нығайтуға, өӊірдегі бейбіт әрі тұрақты дамуға қажетті жағдайды қамтамасыз етуге атсалысу екеніне тоқталды.

- Бұл өзге елдермен және халықаралық ұйымдармен сындарлы әрекеттестік үшін ашық ұйым. Отырыста қабылдау жоспарланған шешімдер ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметтіӊ тиімділігін көтеру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түседі деп үміттенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сессияда сөйлегендер Шарттыӊ ережесін нақты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердіӊ өзара белсене ықпалдасуы қажеттігін атап өтті.

Кеӊейтілген құрамдағы отырыстыӊ қорытындысы бойынша мемлекет басшылары ҰҚШҰ аясындағы сыртқы саяси үйлестіруді жетілдіруге, Ұйымныӊ әскери және әскери-экономикалық, терроризммен күрес, ақпараттық қауіпсіздік және кадр даярлау салаларындағы ынтымақтастығын дамытуға қатысты 20 шақты құжатқа қойды.

Сондай-ақ президенттер Мәлімдеме қабылдады, онда қазіргі заманныӊ негізгі қауіптері мен сын-қатерлеріне қарсы іс-қимылдар көрініс тапқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны