05.05.2010, 10:19 2656

Илемдік экономиканың тұрақтылығы мен өсуінің жандану ұзақтығы белгісіз және дағдарыс қайталану қаупі сақталып отыр - сарапшылар

Илемдік экономиканың тұрақтылығы мен өсуінің жандану ұзақтығы белгісіз және дағдарыс қайталану қаупі сақталып отыр - сарапшылар

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Илемдік экономиканың тұрақтылығы мен өсуінің жандану ұзақтығы белгісіз және дағдарыс қайталану қаупі сақталып отыр. Бұл туралы кеше үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен ҚР үкіметі жанындағы экономикалық консультанттар кеңесінің кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеңес отырысында Қоғамдық проблемаларды талдау орталығы әзірлеген "Мемлекеттік дағдарысқа қарсы шараларға бағалау және талдау - экономикалық саясат үшін салдарлары" тақырыбындағы баяндама тыңдалып, талқыланды. Бұл баяндамада Қазақстан экономикасына жаһандық дағдарыстың әсер ету дәрежесі және негізгі факторлары көрініс тапқан, ел экономикасын қолдаудың дағдарысқа қарсы қабылданған мемлекеттік шараларының тиімділігіне баға берілген.

Қоғамдық проблемаларды талдау орталығының директоры Меруерт Махмұтова әлемдік экономиканың тұрақтылығы мен өсуінің жандану ұзақтығы белгісіз және дағдарыс қайталану қаупі сақталып отырғанын атап көрсетті. Осыған байланысты сарапшылар қысқа және орта мерзімді экономикалық саясатқа түзету енгізу жөнінде ұсыныс енгізді.

Баяндаманы талқылауға экономика ғылымдарының докторы, профессор Арыстан Есентүгелов, "Атамекен Одағы" Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская, "Тұран" унивверситетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов, "Тройка Диалог Қазақстан" директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Елемесов, National Business журналының бас редакторы Арман Ыдырысов сияқты танымал сарапшылар, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың басшылары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіқалықова, Қаржы министрі Болат Жәмішев, Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы Дина Шәженова, ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нөкин және басқалар қатысты.

Экономикалық консультанттар кеңесі ел премьер-министрі К.Мәсімовтің тапсырмасымен 2008 жылы қарашада өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жетекші қазақстандық сарапшылармен консультациялар өткізу мақсатында құрылды.

Кеңес құрамына жетекші қазақстандық сарапшылар және экономикалық мәселелерге маманданған ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны