29.01.2010, 13:47 2639

Илеуметтік қызметтер тек оған зәру азаматтарға ғана көрсетілуге тиіс - мемлекет басшысы

Илеуметтік қызметтер тек оған зәру азаматтарға ғана көрсетілуге тиіс - мемлекет басшысы

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Илеуметтік қызметтер тек оған зәру азаматтарға ғана көрсетілуге тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Илеуметтік қызметтер тек оған зәру азаматтарға ғана көрсетілуге тиіс және олар қазіргі заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуға тиіс. Біз миллионерлерге де, миллионер еместерге де, қалғандарының бәріне де көмектесеміз. Осы мәселенің басын ашып алу керек", - деді Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, "мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты басымдығы - халықты жұмыспен қамту болып табылады". "Сол себепті мен 2020 жылы дегенде жұмыссыздық деңгейі 5%-дан аспауы, ал күнкөріс деңгейінен төмен көлемде кірісі бар халықтың үлесі 8%-дан аспауы жөнінде мақсат қоямын", - деді мемлекет басшысы.

Президенттің тапсырмасы бойынша, "2015 жылы базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 60% деңгейіне дейін көтерілуіге, ал мемлекеттік әлеуметітк жәрдемақылардың мөлшері 2010 жылға шаққанда 1,2 есе өсуге тиіс".

"Біз бірізді әрекет етіп келеміз. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы зейнетақы, шәкіртақы мен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақы көлемі 25%-ға көтерілді, әлеуметтік жәрдемақылар орта есеппен 9%-ға өсті", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны