27.11.2012, 17:51 2660

Илеуметтік маңызды қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жөніндегі жұмыстар 2013 жылы да жалғасады

Илеуметтік маңызды қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жөніндегі жұмыстардың аясында 2013 жылы 42 млн. жуық құжат қағаз форматта емес, электрондық форматта қабылданатын болады, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - Илеуметтік маңызды қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жөніндегі жұмыстар 2013 жылы да жалғасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Илеуметтік маңызды қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жөніндегі жұмыстардың аясында 2013 жылы 42 млн. жуық құжат қағаз форматта емес, электрондық форматта қабылданатын болады, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев.

"Қызмет көрсету үдерістерін оңтайландырудың нәтижесінде жыл сайын 42,2 млн. құжат бұрынғыдай қағаз түрінде тапсырылмайтын болады, бұл шара халықтың осы қызметтерді алу мүмкіндіктерін жеңілдететін болады", - деп хабарлады А.Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың соңына қарай лицензиялардың 92 түрін алу үшін бұрынғыдай 425 түрлі құжатты тапсырудың қажеті болмайды. Бұл жыл сайын 10 млн. жуық қағаз форматтағы құжатты құрайтынын айта кету керек.

Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда 13 567 лицензия электрондық форматта берілуде. Рұқсатнама құжаттардың берілуін оңтайландыру мәселелеріне келер болсақ, ағымдағы жылдың соңына дейін барлық әлеуметтік маңызды құжаттар да электрондық форматқа ауыстырылады.

Биыл 32 рұқсатнама түрінің электрондық форматы ілкі режимде іске қосылды, тағы 48 қызмет сынақтан өткізіледі. Рұқсатнамалар алу үшін әдетте 255 құжаттың түпнұсқалары мен көшірмелерін тапсыру керек, бұл жалпы құжаттар санының 49% құрайды.

Министр сондай-ақ, халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру және "Ақпараттық Қазақстан -2020" жобасын іске асыру жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызды қызметтердің 60%, лицензиялар мен ең көп сұралатын құжаттардың барлық түрін электрондық форматқа ауыстыру жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны