29.01.2010, 17:57 3025

Ұлы Отан соғысының әрбір қатысушысына 65 мың теңге мөлшерінде бір реттік көмек көрсетіледі - президент

Ұлы Отан соғысының әрбір қатысушысына 65 мың теңге мөлшерінде бір реттік көмек көрсетіледі - президент

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Ұлы Отан соғысының әрбір қатысушысы мен мүгедегіне 65 мың теңге мөлшерінде бір реттік көмек көрсетіледі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Биыл біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңістің 65 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Бұл - біздің ортақ тарихымыздағы аса маңызды күн. Ұлы Отан соғысының әрбір қатысушысы мен мүгедегіне 65 мың теңге мөлшерінде бір реттік көмек көрсетіледі", - деді Н. Назарбаев.

"Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегіне теңестірілгендер, әскерилердің жұбайлары, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқандардың жұбайлары, соғыс мүгедектерінің және олармен теңестірілген мүгедектердің жұбайлары, солғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де материалдық қолдаусыз қалмайды", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны