21.04.2015, 18:04 3633

Ұлы Жеӊістіӊ құрметіне Ұлттық Банк Қазақстанныӊ ардагерлеріне күміс монеталарды тарту етеді

Қазақстанныӊ ардагерлері - Ұлы Отан соғысына қатысушылар Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай ескерткіш күміс монеталарды сыйға алады. Ұлттық Банк ҚР Қорғаныс министрлігіне өтеусіз негізде "Ұлы Жеӊіске 70 жыл" монеталарын 4776 данада берді

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ ардагерлері - Ұлы Отан соғысына қатысушылар Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай ескерткіш күміс монеталарды сыйға алады. Ұлттық Банк ҚР Қорғаныс министрлігіне өтеусіз негізде "Ұлы Жеӊіске 70 жыл" монеталарын 4776 данада берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

925/1000 сынамды күмістен, массасы 24 грамм, "proof" сапасымен жасалған, номиналдық құны 500 теӊгелік "Ұлы Жеӊіске 70 жыл" ескерткіш монетасыныӊ 2015 жылғы 31 наурызда айналысқа шығарылғанын еске сала кетейік. Оныӊ таралымы 7 мыӊ дананы құрайды. Сонымен қатар Ұлттық Банк Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай номиналы 50 теӊгелік нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монетаны айналысқа шығарды.

Күміс монетаныӊ бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розетканыӊ және мемлекеттік тілдегі "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазбаныӊ қоршауында Қазақстан Республикасыныӊ елтаӊбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаныӊ номиналын білдіретін "500 ТЕӉГЕ" деген жазба орналасқан. Номиналдан солға қарай Қазақстан теӊге сарайыныӊ тауар белгісі және монетаныӊ массасын білдіретін "24 g" деген жазба, оӊ жағында монета дайындалған металды және оныӊ сынамын білдіретін "Ag 925" деген жазба бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыӊқы жиек жүргізілген.

Монетаныӊ сырт жағында (реверсінде) Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даӊқ мемориалыныӊ фрагменті, Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс жылын білдіретін "1945" деген дата және монетаныӊ соғылған жылын білдіретін "2015" деген дата орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҰЛЫ ЖЕӉІСКЕ 70 ЖЫЛ", орыс тілінде "70 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ" деген жазба және шығыӊқы жиек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны