21.09.2009, 10:16 3861

Ұлыбритания елшісі еліміздің алдағы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі табысты болатынына сенім білдірді

Ұлыбритания елшісі еліміздің алдағы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі табысты болатынына сенім білдірді

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ұлыбритания елшісі еліміздің алдағы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі табысты болатынына сенім білдірді. Бұл туралы өткен жұмада Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Пол Брамелл өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған кезде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Иңгіме барысында тараптар Қазақстан-Ұлыбритания қатынастарының, оның ішінде парламентаралық байланыстарды қоса алғандағы қол жеткен деңгейіне қанағаттанғандық білдірді.

Қ.Тоқаев тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі П.Брамеллдің ауқымды жұмысына алғыс айта отырып, оған екі ел арасындағы сындарлы үнқатысуларын дамытудағы және қазақстандық көптеген бастамаларға қолдау білдіргені үшін британ дипломатиялық миссиясы жетекшісіне ризашылық білдірген алғыс хатты табыс етті.

Өз кезегінде Пол Браммелл мырза Қазақстан-Ұлыбритания қарым қатынастары мен парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудағы Қ.Тоқаевтың қызметіне алғыс айтып, біздің еліміздің алдағы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі табысты болатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны