17.06.2013, 17:26 3180

Ұлыбритания Премьер-Министрі Д.Кэмерон Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келеді

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен орын алатын мәртебелі мейманның сапары 30 маусымда басталады.

Астана. 17-маусым. Kazakhstan Today - Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға тұңғыш ресми сапарымен келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен орын алатын мәртебелі мейманның сапары 30 маусымда басталады.

"Бұл екіжақты қарым-қатынастар үшін өте маңызды сапар әрі біздің өзара қарым-қатынастарымыздың жаңа бетін ашуға негізделген", - деп атап өтті ол.

А.Ибибуллаевтың атап өтуінше, 30 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Дэвид Кэмерон Атырауда болып, онда Каспий шельфінде жұмыс істейтін британдық компания өкілдерімен кездесу жоспарланған. Осыдан кейін, 1 шілде күні Ұлыбритания премьері сапарының ресми бөлігі Астанада жалғасып, екі елдің мүддесіне сай көптеген мәселелер шағын және кеңейтілген құрамда талқыға түсетін болады.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриалық-инновациялық ынтымақтастық белсенді даму үстінде екендігін баса айтқан ресми өкіл: "Кездесулер барысында Орталық Азиядағы қауіпсіздік, мұнай-газ салаларындағы және басқа да мәселелер басты назарда болады", - деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны