20.10.2017, 18:51 6422

Ұлыбританиялық компания Орталық Азия елдері үшін экономикалық секірісті қамтамасыз ете алатын технологияларды таныстырды

Қазақстанға технологиялық секіріс жасауға мүмкіндік беретін өзекті шешімдер ретінде дрондарды кеӊ көлемде пайдалану, күн батареяларын қолдану, кеденде кеудеге тағатын камераларды пайдалану ұсынылып, панельді сессия барысында кеӊінен талқыланды. Озық технологияларды қолданысқа енгізудіӊ заӊдық қырлары, заӊнамаға өзгерістер енгізу мүмкіндіктері сарапқа салынды.

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - Ұлыбританияныӊ Crown Agents компаниясы Орталық Азия елдері үшін экономикалық секірісті қамтамасыз ете алатын технологияларды таныстырды. Алматыда Орталық Азиялық 7-ші сауда форумына жиналған 18 елдіӊ халықаралық сарапшылары "Crown Agents озық технологиялары" атты панельдік секциясы форматында озық технологияларды қолданысқа енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Crown Agents компаниясы басқармаларыныӊ төрайымы, қайырымдылық шаралары үшін Британия империясыныӊ орденімен марапатталған Мэри Стонтон ханымныӊ айтуынша, панельдіӊ басты мақсаты - Орталық Азия елдеріне, соныӊ ішінде Қазақстанға сыбайлас жемқорлықпен күресті қамтамасыз етуге, шекаралық бақылаудыӊ ашықтығын жүзеге асыруға, контрабандаға тосқауыл қоюға, қуат көздерін әртараптандыруға бағытталған бірнеше заманауи шешімдерді ұсыну.

Қазақстанға технологиялық секіріс жасауға мүмкіндік беретін өзекті шешімдер ретінде дрондарды кеӊ көлемде пайдалану, күн батареяларын қолдану, кеденде кеудеге тағатын камераларды пайдалану ұсынылып, панельді сессия барысында кеӊінен талқыланды. Озық технологияларды қолданысқа енгізудіӊ заӊдық қырлары, заӊнамаға өзгерістер енгізу мүмкіндіктері сарапқа салынды

Айталық, дрондарды кеӊ көлемде қолдану шекарада сенімді мониторинг жүргізуді, мұнай құбырын қадағалап отыруды, ауылшаруашылық жерлерді бақылауды, тіпті жетуі қиын жерлерге жүк жеткізуді де қамтамасыз ете алады. Ал күн батареяларын қолдану энергетикалық тиімділікті көтеруге және қуат көздерініӊ пайдаланылуын стратегиялық тұрғыда әртараптандыруға мүмкіндік бермек. Мәселен, Crown Agents компаниясы Молдовадаға ауруханаларға күн батареяларын орнату жобасын жүзеге асырған. Ал кеденде дене камераларын пайдалану шекаралық қызметтерде сыбайлас жемқорлықты еӊсеруге және контрабандаға тосқауыл қоюға көмектеседі.

"Crown Agents компаниясы дүниежүзі елдеріне экономиканы дамытуға және озық технологияларды бейімдей отырып жаӊаша деӊгейге көтерілуге жәрдемдеседі. Орталық Азия - қарқынды дамып келе жатқан өӊір, оған инновациялық көзқарас аса қажет,- дейді Crown Agents компаниясыныӊ Орталық Азия өӊірлік менеджері Лариса Кокорева. - Қазір біз жаӊғыртуды аса қажет ететін энергетика, шекаралық бақылау, халықаралық сауда, аграрлық сектор секілді салаларды таӊдап отырмыз. Бұл Қазақстан қуатты салалар, бірақ, тоқырауға жол беруге болмайды, нүктелі емес, кешенді түрде уақыттан оза әрекет ету қажет".

1883 жылы Ұлыбританияда құрылған, Орталық Азияда 25 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания өз тарихында 1,146 млрд доллар көлемінде жобалар жүзеге асырған. Орталық Азияда 120-дан астам жоба, Қазақстанда 6-7 жоба іске асырылды. Атап айтқанда, Ғаламдық қордыӊ Қазақстанда, Қырғызстан мен Грузияда жүзеге асырған СПИД, туберкулез және маляриямен күрес жөннідегі гранттық бағдарламасына мониторинг жүргізді. 2011 жылы ҚР Кедендік бақылау комитетініӊ оқу орталығын дамыту жобасын іске асырды. Қырғызстанда мемлекеттік сатып алулар жүйесін жақсартуға жәрдемдесті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны