16.06.2015, 14:02 4029

Ұлт жоспары-100 нақты қадамныӊ іске асырылу барысы туралы

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде Еуразиялық ұлттық университетініӊ, әлеуметтану кафедрасыныӊ меӊгерушісі, әлеуметтану ғылымдарыныӊ докторы, профессор Айгүл Забированыӊ және әлеуметтану ғылымдарыныӊ докторы Адиль Николаевич Родионовтыӊ қатысуымен баспасөз конференция өтті

Астана. 16 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде Еуразиялық ұлттық университетініӊ, әлеуметтану кафедрасыныӊ меӊгерушісі, әлеуметтану ғылымдарыныӊ докторы, профессор Айгүл Забированыӊ және әлеуметтану ғылымдарыныӊ докторы Адиль Николаевич Родионовтыӊ қатысуымен баспасөз конференция өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Баспасөз конференцияныӊ тақырыбы: "Ұлт жоспары-100 нақты қадамныӊ іске асырылу барысы туралы ".

Сарапшылар заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, сондай-ақ есепті мемлекетті құру мәселелерін егжей-тегжей талқылаған болатын.

Илеуметтану ғылымдарыныӊ докторы Айгүл Забирова өзініӊ сөйлеген сөзінде "нарықтық реформаларды әрі қарай табысты жүзеге асыру үшін сәтті институттық орта қажет. Тек мықты институттар ғана күрделі өзгерістер кезеӊінде жақсы жұмыс істеп, қоғамдағы тұрақтылық пен сабақтастықты қамтамасыз ете алады"-деп мәлімдеді.

Бірінші институттық реформаныӊ мақсаты - кәсіби мемлекеттік аппарат. "Көп нәрсе мемлекетке тиесілі және мемлекет көп мәселені шешетін елге білікті мемлекеттік аппарат қажет деген Президенттіӊ ойын отандық әлеуметтанушылар да қолдайды. Бұныӊ бәрі меритократия қағидаларын әрі қарай жүйелі, жоспарлы және табанды түрде насихаттауды қажет етеді. Сингапурдыӊ мемлекеттік қызметі - меритократияны ұдайы ұстану, мінсіздікке үздіксіз ұмтылу және мемлекеттік қызметкердіӊ мансабы мен жоғары жалақысын мұқият жоспарлаудыӊ жақсы үлгісі", - деп болжамдайды әлеуметтану ғылымдарыныӊ докторы, профессор А.Т.Забирова.

Бірінші институттық реформа ұсынып отырған мемлекеттік қызметкер қызметініӊ нәтижесін бағалауға барынша бағдарлану құралы орынды әрі өз уақытындағы шара - деп есептейді профессор А.Т.Забирова. Нәтижеге бағдарлану заманауи мемлекеттік қызметкердіӊ біліктілік пен мансапқа негізделген мәдениетін дамытуға мүмкіндік беретініне отандық әлеуметтанушы сенім білдірді.

Профессор А.Н.Родионов баспасөз конференцияда институционалды реформалардыӊ бесінші бағытына- транспарентті есепті мемлекетті құруға талдау жасады.

Бесінші институционалды реформаныӊ негізгі артықшылығына Профессор А.Н.Родионов мемлекеттік саясатты, билікті орталықсыздандыруды, кері байланыс тетіктерін ақпараттандыру мен дамытуды жүзеге асыруға қоғамды тартуды жатқызды.

Талқылау ауқымын кеӊейту. Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру процесін талқылауға халықты белсенді тарту. Тікелей түрде тарту(тікелей қатысу), сондай-ақ, жанама (әр түрлі азаматтық қоғамдық институттар арқылы) азаматтық қоғам дамуыныӊ жаӊа бағдарламасында қажетті орын алады - деп сөзін түйіндеді әлеуметтану ғылымдарыныӊ докторы, профессор А.Н.Родионов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны