20.05.2015, 21:23 88060

Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтыӊ бес институционалдық реформасын жүзеге асырудыӊ 100 қадамы

"100 нақты қадам" - бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖИНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаӊа тарихи жағдайлардаҰЛТТЫӉ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІӉ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ

Астана. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"100 нақты қадам" - бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖИНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаӊа тарихи жағдайлардаҰЛТТЫӉ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІӉ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"100 нақты қадам" елімізге "2050-Стратегиясын" жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕӉНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫНжасап беретін болады.

Жоспардыӊ негізгі мақсаты "АУРУЛАРДЫӉ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН" СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ "ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ"болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

100 НАҚТЫ ҚАДАМ

БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ

І. КИСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАӉҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс.

2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫӉ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖИНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІӉ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.

4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІ(тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).

5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердіӊ жалақысын қызметініӊ нәтижесіне байланысты ӨСІРУ.

6-қадам. ЕӉБЕКАҚЫНЫ НИТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін - жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін - стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін - мемлекеттік қызмет сапасыныӊ арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін - интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.

7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердіӊ ЛАУАЗЫМДЫҚ ЕӉБЕКАҚЫЛАРЫНА ӨӉІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН қосу

8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеӊінде оларға ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТТІК ПИТЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕРУ.

9-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗАӉДЫ ТҮРДЕ БЕКІТУ - үш жылда бір рет олардыӊ кәсіби шеберлігін арттыру.

10-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАНСАПТЫҚ ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗГЕ КӨШУ. "Б" корпусыныӊ жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.

11-қадам. ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ, ЖЕКЕМЕНШІК СЕКТОРДЫӉ ЖЕКЕЛЕГЕН МАМАНДАРЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫӉ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ болып табылатын Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардыӊ жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе етеді.

12-қадам. ЖАӉА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтіӊ жаӊа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.

13-қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаӊа заӊнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтыӊ жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.

14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оныӊ ішінде құқық қорғау органдарыныӊ барлық қызметкерлеріне қатысты МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАӉА ЗАӉ қабылдау.

15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаӊа заӊ қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа жүйесін енгізу.

II. ЗАӉНЫӉ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

16-қадам. АЗАМАТТАРДЫӉ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ЖЕӉІЛДЕТУ ҮШІН СОТ ЖҮЙЕСІ ИНСТАНЦИЯЛАРЫН ОӉТАЙЛАНДЫРУ. БЕС САТЫЛЫ СОТ ЖҮЙЕСІНЕН (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) ҮШ САТЫЛЫ (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу.

17-қадам. Судья лауазымына КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУ ТЕТІКТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖИНЕ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАЙТУ.Міндетті түрдегі талап - сот істерін жүргізуге қатысудыӊ 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер СОТТАРДА стипендия төленетін БІР ЖЫЛДЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья БІР ЖЫЛДЫҚ СЫНАҚ МЕРЗІМІНЕН өтеді.

18-қадам. Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін СОТ ТӨРЕЛІГІ ИНСТИТУТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫӉ ҚҰРЫЛЫМЫНАН бөлінуі керек. Аталмыш институт Жоғарғы Соттыӊ жанында жұмыс істеп, қызмет бабындағы судьялардыӊ біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін болады.

19-қадам. СУДЬЯЛАРДЫӉ ЕСЕП БЕРУ ТИРТІБІН КҮШЕЙТУ. СУДЬЯЛАРДЫӉ ЖАӉА ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІН жасау, соныӊ негізінде азаматтар судьялардыӊ әрекеттері бойынша еліміздіӊ Жоғарғы Сотыныӊ жанынан құрылған арнайы СОТ АЛҚАСЫНА шағымдана алатын болуы керек.

20-қадам. БАРЛЫҚ СОТ ПРОЦЕСТЕРІНЕ БЕЙНЕ ЖИНЕ ТАСПАҒА ЖАЗУ ШАРАЛАРЫН міндетті түрде енгізу. Судьяныӊ бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс.

21-қадам. Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеӊейту. Заӊды түрде АЛҚА БИЛЕР СОТЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАТЫСТЫРЫЛАТЫН қылмыстық істердіӊ категорияларын анықтау қажет.

22-қадам. АДАМНЫӉ ЖИНЕ АЗАМАТТАРДЫӉ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫН ШЕКТЕЙТІН БАРЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІЛІКТІ тергеу судьясына біртіндеп беруді ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АРҚЫЛЫ СОТТА АЙЫПТАЛУШЫ ЖИНЕ ҚОРҒАУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕӉГЕРІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

23-қадам. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУЛАР БОЙЫНША жеке СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ құру. Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АЛҚАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

24-қадам. Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ.

25-қадам. Шетелдік және халықаралық соттардыӊ ҮЗДІК СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЖОҒАРҒЫ СОТ ЖАНЫНАН БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК СУДЬЯЛАР МЕН ЗАӉГЕРЛЕР қатысатын халықаралық кеӊес құру. Кеӊес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Жоғарғы Сотқа кеӊес беріп отырады.

26-қадам. Сот ресімдерін оӊайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарғаПРОКУРОРДЫӉ ҚАТЫСУЫН қысқарту. Азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізу.

27-қадам. Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫӉ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН БІРТІНДЕП ҚЫСҚАРТУ.

28-қадам. Полиция қызметкерлерін ІСКЕРЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ІРІКТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудіӊ арнайы жүйесін енгізу.

29-қадам. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫӉ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСУ. Ирбір құқық қорғау қызметініӊ ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыӊғай қызмет ету ережесін енгізу.

30-қадам. Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН құру. Жергілікті полиция қызметініӊ өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясыныӊ қызметкерлері полиция қызметкерлерініӊ жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісініӊ барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.

31-қадам. Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердіӊ іс-әрекеттеріне ШАҒЫМДАНҒАН АЗАМАТТАРДЫӉ АРЫЗЫН ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕӉЕС ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ АРҚЫЛЫ полицияныӊ ашықтығын қамтамасыз ету. ҚОҒАМДЫҚ КЕӉЕСТЕРДІӉ МИРТЕБЕСІМЕН ӨКІЛЕТТІЛІГІ ЗАӉДЫ ТҮРДЕ БЕКІТІЛЕТІН БОЛАДЫ.

32-қадам. "Қылмыстық құқық бұзу картасы" ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде "ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУ КАРТАСЫ" интернет-порталын құру. Бұл картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл ҚОҒАМҒА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҰМЫСЫНЫӉ ТИІМДІЛІГІН БАҚЫЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.

33-қадам. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оӊалтудыӊ тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін АРНАУЛЫ ИЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТТАРЫН ЖИНЕ ИЛЕУМЕТТІК ОӉАЛТУДЫӉ КЕШЕНДІ СТРАТЕГИЯСЫН жасау.

34-қадам. МЕМЛЕКЕТ-ЖЕКЕМЕНШІК СЕРІКТЕСТІГІН ДАМЫТУ ШЕӉБЕРІНДЕ пенитенциярлық инфрақұрылымды жаӊғырту. Пенитенциярлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жекеменшік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжірибені зерттеу.

ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ Ж?НЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ

35-қадам. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖИНЕ БАСҚА ДА ЗАӉ АКТІЛЕРІНЕ өзгерістер енгізу.

36-қадам. ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТҮРІН ӨЗГЕРТУГЕ РҰҚСАТ АЛУ ресімдерін жеӊілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒА БЕРУ.

37-қадам. Салық және кеден саясатын және ресімдерін оӊтайландыру. ТН СЭҚ 6 белгісіндегі біркелкі тауарлар тобы шеӊберінде "0-5-12" моделі бойынша Бірыӊғай кеден тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту.

38-қадам. Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде "БІР ТЕРЕЗЕ" қағидатын енгізу. Электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өӊдеу уақытын қысқарту.

39-қадам. КЕДЕН ЖИНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеӊнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады.

40-қадам. "ПОСТФАКТУМ" КЕДЕНДІК ТАЗАЛАУ РЕЖІМІН ЕНГІЗУ. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шығаруға мүмкіндік беру.

41-қадам. МҮЛІКТІ ЖИНЕ ҚАРЖЫНЫ ЗАӉДАСТЫРУ РЕСІМДЕРІН ОӉАЙЛАТУ. Қолданыстағы заӊға өзгертулер және толықтырулар енгізу.

42-қадам. 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін КІРІСТІ ЖИНЕ ШЫҒЫСТЫ ЖАЛПЫ ЖАРИЯЛАУДЫ КЕЗЕӉ-КЕЗЕӉМЕН ЕНГІЗУ.

43-қадам. САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖИНЕ ӨӉДЕУДІӉ ОРТАЛЫҚ ЖЕЛІСІН ҚҰРУ. Орталық салық төлеушілердіӊ электронды құжаттарыныӊ бірыӊғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. ТИУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады.

44-қадам. ЖАНАМА САЛЫҚ САЛУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ. Қосымша құн салығыныӊ орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу.

45-қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы ҚОЛДАНЫСТАҒЫ САЛЫҚ РЕЖІМІН ОӉТАЙЛАНДЫРУ.

46-қадам. Рұқсат алуды оӊтайландыру. ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ АЛУДЫӉ ҮШ САТЫЛЫ ("30-20-10") қағидаты енгізіледі. Бірінші саты - архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші - эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау - 20 күнге дейін, үшінші - рұқсаттыӊ өзі - 10 күн ішінде.

47-қадам. Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯДАН БІРТІНДЕП БАС ТАРТУ. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.

48-қадам. ҚҰРЫЛЫСТЫӉ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫН АНЫҚТАУДЫӉ РЕСУРСТЫҚ ИДІСІН ЕНГІЗУ. Құрылыста баға қалыптастырудыӊ жаӊа әдісін енгізу материалдардыӊ, бұйымдардыӊ, жабдықтардыӊ және еӊбекақыныӊ қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстыӊ сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаӊа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаӊартуды қамтамасыз етеді.

49-қадам. Кеӊестік кезеӊнен бері қолданылып келе жатқан ҚҰРЫЛЫСТЫӉ ЕСКІРГЕН НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІНІӉ ОРНЫНА ЕУРОКОДТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ. Жаӊа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына қазақстандық компаниялардыӊ шығуына мүмкіндік береді.

50-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫН ҚАЙТАДАН ҚҰРУ, "БІРЫӉҒАЙ САТЫП АЛУШЫ" МОДЕЛІН ЕНГІЗУ. Бұл өӊірлер арасындағы электр энергиясыныӊ әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді.

51-қадам. ӨӉІРЛІК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ (ӨЭК) ІРІЛЕНДІРУ. Бұл энергиямен қамтамасыз етудіӊ сенімділігін арттырады, өӊірлерге электр энергиясын таратудыӊ шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясыныӊ ақысын азайтады.

52-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ СЕКТОРЫНДА САЛАҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЖАӉА ТАРИФ САЯСАТЫН ЕНГІЗУ. Тариф құрылымын өзгерту. Тарифтерде 2 құрауыш ерекшеленеді: күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісініӊ ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленетін болады. Бұл "шығынды өтеу" әдісі бойынша тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді.

53-қадам. ЭЫДҰ СТАНДАРТТАРЫНА СИЙКЕСТЕНДІРУ МАҚСАТТАРЫНДА МОНОПОЛИЯМЕН ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫӉ ТҰЖЫРЫМДАРЫН ӨЗГЕРТУ. Қызметті жаӊғырту еркін бәсекелесті дамытуға бағытталуға тиіс.

54-қадам. КИСІПКЕРЛЕРДІӉ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҮШІН БИЗНЕС-ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ. Жаӊа институттыӊ құрамына бизнестіӊ және Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ өкілдері кіреді.

55-қадам. ҚАЗАҚСТАННЫӉ ИЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒУЫ ЖИНЕ ЭКСПОРТ ТАУАРЛАРЫ ҮШІН ӨӉДЕУ ӨНЕРКИСІБІНЕ ЕӉ КЕМІНДЕ 10 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯНЫ ТАРТУ. Халықаралық экономикалық нысандардыӊ жаӊа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру.

56-қадам. Экономиканыӊ басым секторларында "зәкірлік инвесторлармен" - халықаралық стратегиялық серіктестермен ("Эйр Астана", "Теӊіз-Шевройл", ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша) БІРЛЕСКЕН КИСІПОРЫНДАРқұру. Шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін АҚШ, КАНАДА, АВСТРАЛИЯ ҮЛГІСІ БОЙЫНША ҚОЛАЙЛЫ КӨШІ-ҚОН РЕЖІМІН қалыптастыру.

57-қадам. ТУРИСТІК КЛАСТЕРЛЕР ҚҰРУДА ҮЗДІК ТИЖІРИБЕСІ БАР стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.

58-қадам. ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖИНЕ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ БІРЫӉҒАЙ ОПЕРАТОР қалыптастыру үшін стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.

59-қадам. МОЙЫНДАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНЕРГОСЕРВИСТІК ШАРТТАР АРҚЫЛЫ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САЛАСЫНА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Олардыӊ негізгі міндеті: жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жекеменшік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу.

60-қадам. СҮТ ЖИНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерініӊ жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаӊазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылды.

61-қадам. ЕТ ӨНДІРІСІ МЕН ӨӉДЕУДІ ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ

ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өӊделген өнімдерді экспорттау.

62-қадам. Экономиканыӊ шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестіӊ нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған "ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР" БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.

63-қадам. ҒЫЛЫМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ЭКОНОМИКАНЫӉ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ЕКІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ. НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТТЕ "АСТАНА БИЗНЕС КАМПУСТА" ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ЗЕРТХАНАЛАР ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ. Олар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оларды коммерцияландыруға қызмет етеді. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тартатын болады.

64-қадам. ӨНДІРІСКЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ бар "Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Заӊ әзірленеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасыныӊ қажеттілігіне орай қайта бағытталады.

65-қадам. ҚАЗАҚСТАНДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ АҒЫМДАРҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТРАНСКОНТИНЕН-ТАЛДЫҚ ДИЛІЗ" МУЛЬТИМОДЕЛДІК КӨЛІК ДИЛІЗІН ҚҰРУ жөніндегі жобаны іске қосу. Ол Азиядан Еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көлік дәлізі: бірінші бағыт - Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясына және одан әрі Еуропаға өтеді. Екінші бағыт - Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Ақтау портына дейін, одан әрі Каспий теӊізі мен Изербайжан, содан соӊ Грузия арқылы. Жобаға болашақта 2014 жылдыӊ аяғында құрылған Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін тарту.

66-қадам. Халықаралық авиациялық хаб құру. Стратегиялық инвесторды тарту арқылы Алматы іргесінен ИЛЕМДІК СТАНДАРТҚА СИЙКЕС КЕЛЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАӉА ИУЕЖАЙ салынатын болады.

67-қадам. "ЭЙР АСТАНА" ИУЕ ТАСЫМАЛДАУШЫ ЖИНЕ "ҚТЖ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫН ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРАТОР РЕТІНДЕ ДАМЫТУ. "Эйр Астана" халықаралық бағыттарға ыӊғайластырылады және әлемніӊ негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаӊа бағыттар ашады. "Эйр Астананыӊ" дамуы "ҚТЖ"-ныӊ баламалы маршруттарды дамыту жөніндегі жоспарымен үйлестіріледі, бұл жүктерді жеткізу құнын екі еседен астам төмендетуге мүмкіндік береді.

68-қадам. Қазақстан арқылы әуе транзитініӊ тартымдылығын арттыру үшін ИУЕ ТАСЫМАЛЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТИІМДІЛІГІН жақсарту. Азаматтық авиация комитетініӊ қызметі британ азаматтық авиациясы мемлекеттік агенттігініӊ және ЕО авиация қауіпсіздігі агенттігініӊ үлгілеріне бағдарланатын болады.

69-қадам. Астананы зерттеушілерді, студенттерді, кәсіпкерлерді, барлық өӊірлерден туристерді тартатын ЕУРАЗИЯНЫӉ ІСКЕРЛІК, МИДЕНИ ЖИНЕ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ. Мұнымен бірге қалада әуежайдыӊ жаӊа терминалын қоса алғанда, қазіргі замандық халықаралық көліктік-логистикалық жүйе құрылады.

70-қадам. ASTANA EXPO - 2017 инфрақұрылымдары арқауында АРНАУЛЫ МИРТЕБЕ БЕРЕ ОТЫРЫП, АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН (АІҒС) ҚҰРУ. Қаржы орталығыныӊ ерекше заӊды мәртебесін Конституцияда бекіту. Орталықтыӊ ТМД, сондай-ақ, Батыс және Орталық Азияныӊ барлық өӊірлерініӊ елдері үшін ҚАРЖЫ ХАБЫ ретінде қалыптастыру. ӨЗІНДІК ЗАӉДЫЛЫҚТАРЫ БАР ТИУЕЛСІЗ СОТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ, ол ағылшындық құқық қағидаттарымен қызмет істейтін болады. Судьялар корпусы шетелдік мамандардан құрылады. БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚСТАННЫӉ ҚАРЖЫ ХАБЫ ИЛЕМНІӉ 20 АЛДЫӉҒЫ ҚАТАРЛЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫӉ ҚАТАРЫНА ЕНУІ ТИІС.

71-қадам. Қаржы орталығыныӊ даму стратегиясын КАПИТАЛ НАРЫҚТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖИНЕ ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ мамандығына сәйкес әзірлеу. Элиталық қаржы қызметініӊ жаӊа түрлерін, соныӊ ішінде private banking активтерді басқару саласындағы қызметтерді дамыту. Орталыққа либералды салық режімін енгізу. Офшорлық қаржылық орталық құрылуы мүмкін. Дубайдыӊ үлгісі бойынша инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу.

72-қадам. Қаржы орталығы аумағында ресми тіл ретінде ағылшын тілін енгізу. Орталықтыӊ дербес заӊдылықтары АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАСАЛЫНУЫ ЖИНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ тиіс.

73-қадам. Қаржы орталығыныӊ халықаралық көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қаржы орталығыныӊ ЖЕТЕКШІ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН ЖҮЙЕЛІ ЖИНЕ ЖАЙЛЫ ИУЕ ҚАТЫНАСЫ жүйесін құру.

74-қадам. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЫ ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРУДІӉ CRIRSCO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУарқылы жер қойнауларын пайдалану саласыныӊ мөлдірлігі мен болжамдылығын арттыру.

75-қадам. Пайдалы қазбалардыӊ барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, КЕЛІСІМДЕР ЖАСАСУДЫӉ ОӉТАЙЛАНДЫРЫЛҒАН ИДІСІН енгізу.

76-қадам. ЭЫДҰ елдері стандарттарыныӊ негізінде адам капиталыныӊ сапасын көтеру, 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ кезеӊ-кезеӊіменЕНГІЗУ, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаӊарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

77-қадам. Экономиканыӊ алты негізгі саласы үшін ОН АЛДЫӉҒЫ ҚАТАРЛЫ КОЛЛЕДЖ БЕН ОН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздіӊ басқа оқу орындарына тарату.

78-қадам. Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-ЛАРДЫӉ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖИНЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІН кезеӊ-кезеӊімен кеӊейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау.

79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезеӊ-кезеӊмен көшу. Басты мақсаты -ДАЯРЛАНАТЫН КАДРЛАРДЫӉ БИСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖИНЕ БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫНЫӉ ЭКСПОРТТЫҚ ИЛЕУЕТІН КӨТЕРУ.

80 -қадам. МІНДЕТТІ ИЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтыӊ ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесініӊ қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудыӊ алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудыӊ орталық буынына айналады.

81-қадам. ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫ ЕНГІЗУ.Бәсекелестік есебінен қызметтіӊ қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру - бәсеке есебінен медициналық ұйымдардыӊ корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектіӊ кепілдендірілген көлемін беруді кеӊейту.

82 -қадам. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖИНЕ ИЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚАСЫНАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯНЫ ҚҰРУ. Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудіӊ алдыӊғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау).

83-қадам. Еӊбек қатынастарын ырықтандыру. Жаӊа ЕӉБЕК КОДЕКСІН әзірлеу.

84-қадам. ИЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ОНЫӉ АТАУЛЫ СИПАТЫН КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ОӉТАЙЛАНДЫРУ. Илеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еӊбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардыӊ еӊбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.

IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

85-қадам. "МИӉГІЛІК ЕЛ" патриоттық актісі жобасын әзірлеу.

86-қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫӉ "ҮЛКЕН ЕЛ - ҮЛКЕН ОТБАСЫ" КЕӉ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН ИЗІРЛЕУ ЖИНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардыӊ біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамныӊ бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасыныӊ туристік саласын дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және "Астана - Еуразия жүрегі", "Алматы - Қазақстанныӊ еркін мәдени аймағы", "Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер", "Алтай інжулері", "Ұлы Жібек жолын қайта жаӊғырту", "Каспий қақпасы" өӊірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.

87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудыӊ "МЕНІӉ ЕЛІМ" ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оныӊ аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соныӊ бірі - "ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ" КЕӉ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ - ИРБІР АЗАМАТҚА ЖИНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдіӊ тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардыӊ өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдіӊ "сапарнама карточкасына", ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.

88-қадам. Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол "НҰРЛЫ ЖОЛ" инфрақұрылымдық даму, ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫӉ екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттыӊ арқасында еӊбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардыӊ (біздіӊ заманымыздыӊ батырларыныӊ) табыстарыныӊ дербес тарихын ескере отырып,ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕӉБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ, индустрияландырудыӊ және "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асырудыӊ мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардыӊ артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.

89-қадам. "НҰРЛЫ БОЛАШАҚ" ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудіӊ қолданыстағы оқу бағдарламаларына МИӉГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗУ.

90-қадам. Бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттыӊ жаӊа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТУ ЖИНЕ ІЛГЕРІЛЕТУ.

V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

91-қадам. Мониторингтіӊ, бағалау мен бақылаудыӊ стандартталған және азайтылған ресімдері аясында МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАН НАҚТЫ НИТИЖЕЛЕР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА КӨШУ. Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. РЕСІМДІК СИПАТТАҒЫ БАРЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР МЕН АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАРАТЫЛАТЫН БОЛАДЫ. Мемлекеттік органдарға олардыӊ алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.

92-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУДЫӉ ЫҚШАМ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ. Жекелеген салалық бағдарламалардыӊ мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР САНЫН ҚЫСҚАРТУ. САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР,сондай-ақ, мемлекеттік органдардыӊ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ ЖОЙЫЛАДЫ. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР мен аумақтық даму бағдарламасын негізгі мақсатты индикаторлар бөлігінде ҚАЙТА ПІШІНДЕУ.

93-қадам. АУДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУДЫӉ ЖАӉА ЖҮЙЕСІН енгізу. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін болады. Мемлекеттік органдардыӊ нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заӊ қабылдау. Есеп комитеті бірінші сыныпты әлемдік аудиторлық компаниялардыӊ модельдері бойынша жұмыс істейтін болады және ағымдық операциялық бақылаудан кетеді.

94-қадам. "Ашық үкіметті" енгізу. АҚПАРАТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ТУРАЛЫ ЗАӉДЫ ИЗІРЛЕУ, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заӊмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттыӊ ашықтығын қамтамасыз етеді.

95-қадам. Мемлекеттік органдар басшыларыныӊ халық алдында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР ЖИНЕ АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫӉ МАӉЫЗДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІ ТУРАЛЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АШЫҚ БАЯНДАМАЛАР ЖАСАУЛАРЫН және олардыӊ есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу. Ұлттық ЖОО-лар басшыларыныӊ өз қызметтері туралы оқушылар, жұмыс берушілер, қоғам өкілдері мен БАҚ алдында жылма-жыл есеп берулерін тәжірибеге енгізу.

96-қадам. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫӉ СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ мәліметтеріне ОНЛАЙН-қолжетімділікті қамтамасыз ету. Барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитініӊ нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтіӊ сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттіӊ орындалуы туралы есеп ЖАРИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ.

97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫӉ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН КЕӉЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТИН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІ БИСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.

98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маӊыздағы қала деӊгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫӉ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық маӊыздағы қалаларда азаматтардыӊ тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуыныӊ тетіктері жұмыс істейді.

99-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ИКІМДЕР ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕӉЕСТЕРДІӉ стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардыӊ құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. ҚОҒАМДЫҚ КЕӉЕСТЕРДІӉ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ мен мәртебесін заӊмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.

100-қадам. Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІӉ БІРЫӉҒАЙ ПРОВАЙДЕРІНЕ АЙНАЛАТЫН "АЗАМАТТАР ҮШІН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫН құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ БІР ЖЕРДЕН алатын болады. Мемлекеттік қызметті САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ISO 9000 СЕРИЯСЫНА СИЙКЕС халықаралық сертификаттау.

ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ

И Ел Президенті жанынан жедел түрде құрамы отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын, БЕС ЖҰМЫС ТОБЫНАНжасақталған жаӊғырту жөніндегі ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ.

И Ұлттық комиссия БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМАНЫ КЕЗЕӉ-КЕЗЕӉІМЕН ОРЫНДАУДЫ КЕЛІСІЛГЕН БАСҚАРУ бойынша жүзеге асыруы тиіс. Ол мемлекеттік органдардыӊ, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамныӊ өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.

И Ұлттық комиссия ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАП, ІС-ҚИМЫЛДЫӉ НАҚТЫ ЖОСПАРЫН АЙҚЫНДАУЫ тиіс. Оныӊ ұсыныстары ел Президенті тарапынан бекітілетін болады. Бекітілген шешімдерді орындау үшін жедел түрде ПАРЛАМЕНТ ТАРАПЫНАН ЗАӉДАР, ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚАУЛЫЛАР ҚАБЫЛДАНАТЫН БОЛАДЫ.

И Министрлер мен әкімдердіӊ шешуші бастамаларын тиімді жүзеге асырулары ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТАРАПЫНАН ҚАТАӉ ҚАДАҒАЛАНАТЫН болады.

И Ұлттық комиссия жанынан БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ҚАТАРЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕӉЕСжасақтау қажет. Аталған кеӊес ұсынымдар жасап, реформаларды орындау НИТИЖЕЛЕРІНІӉ ТИУЕЛСІЗ ЖҮЙЕЛІ МОНИТОРИНГІН жүзеге асыратын болады.

И Ұлттық комиссияныӊ жұмыс органы етіп ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІӉ КЕӉСЕСІН айқындау қажет.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында 2015 жылғы 6 мамырда өткен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудыӊ 100 нақты қадамын белгілеп берген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны