18.11.2015, 15:29 3949

Ұлттық банк пен теӊгеге деген сенім қайтарылады - ҚР Президенті

Мен банкке, теӊгеге деген сенім қайта қалпына келеді деген үміттемін, деп хабарлады Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Мен банкке, теӊгеге деген сенім қайта қалпына келеді деген үміттемін, деп хабарлады Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ұлттық банк - елімізде халық хабардар болуы үшін қарапайым түсінікті тілмен қаржы әлемінде не болып жатқанын хабарлайтын басты және жалғыз орган", - деді ҚР Президенті, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы атап өткендей, барлық жағдайда елімізде әлеуметтік міндеттемелдерді уақытылы орындалғаны маӊызды.

"Мен банкке, теӊгеге деген сенім қайта қалпына келеді деген үміттемін. Халық бірінші кезекте оарға тиімді екенін жіті түсінуі керек, бұл экономикаға тиімді, ол арқылы біз қазақстандықтардыӊ әл-аухатын арттырамыз", - деді Н. Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны