04.06.2009, 19:21 2741

Ұлттық банк төрағасы президентке елдегі макроэкономикалық ахуал туралы баяндады

Ұлттық банк төрағасы президентке елдегі макроэкономикалық ахуал туралы баяндады

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Г.Марченко президентке елдегі макроэкономикалық ахуал туралы баяндады. Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты Ұлттық банктің инфляциялық үдерістер мен валюта айырбастау бағамы саясатына бақылау жүргізу қызметі жөнінде хабардар етті.

Соңғы 12 айда инфляция деңгейі 8,5 пайызға төмендеді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда, 2,5 есеге төмен. Тұтастай алғанда, Г.Марченко атап өткендей, оң үрдістер орнықты жалғасып отыр.

Мемлекет басшысы теңге девальвациясы туралы шешім уақытылы қабылданғанын және дұрыс шара болып табылатынын атап өтті.

"Президент халықтың қаражатын мобилизациялауды, банк секторына деген сенімді қайтаруды біздің қандай жолмен жүргізетінімізге, сондай-ақ индустрияландырудың жаңа бағдарламасын қаржыландыру бойынша алда тұрған міндеттерге көңіл бөлуді тапсырды", - деді ҚР Ұлттық банкінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны