11.11.2018, 22:56 5644

Ұлттық экономика министрлігінде Қауіпсіздік кеӊесі отырысыныӊ қорытындысы бойынша аппарат мәжілісі өткізілді

Комитетке жұмыс тәсілін өзгерту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу және аумақтық департаменттермен өзара іс-қимылды бақылауды күшейту, ел тұрғындары үшін ақпараттыӊ ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету, Комитеттіӊ аумақтық бөлімшелерініӊ лауазымды тұлғаларыныӊ жауапкершілігін арттыру тапсырылды.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ төрағалығымен ағымдағы жылғы 7 қарашада Ақордада өткізілген Қауіпсіздік кеӊесініӊ ТКШ саласындағы тариф түзілуіне арналған отырысыныӊ қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Министрліктіӊ және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ басшылығымен жұмыс мәжілісін өткізді.

Министр Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетіне нақты мерзім ішінде, оныӊ ішінде заӊнама нормаларын түзетуді көздейтін жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ, Комитетке жұмыс тәсілін өзгерту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу және аумақтық департаменттермен өзара іс-қимылды бақылауды күшейту, ел тұрғындары үшін ақпараттыӊ ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету, Комитеттіӊ аумақтық бөлімшелерініӊ лауазымды тұлғаларыныӊ жауапкершілігін арттыру тапсырылды.

Мәжілістіӊ қорытындысында, Тимур Сүлейменов тариф белгілеуді реттеу, бақылау және қадағалау жүйесі бойынша жүргізілген жұмыстардыӊ сапасын арттырудыӊ, ТКШ саласындағы табиғи монополиялар субъектілерініӊ қызметін талдауды жүргізудіӊ қажеттігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны