20.04.2007, 14:22 2963

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы істегі бұқаралық ақпарат құралдарының нақты ережесін әзірлеу керек деп санайды


АСТАНА. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы істегі бұқаралық ақпарат құралдарының нақты ережесін әзірлеу керек, деп санайды. Мұндай пікірін бүгін "Халықаралық терроризм - мемлекет қауіпсіздігіне төнген қауіп" атты халықаралық ғылыми-практикалық бас қосуда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко мәлім етті.

"Терроризмге қарсы істегі медиялық қоғамдастық ережесін немесе кодексін әзірлеу уақыты жетті",- деді В. Божко. Ол, "террористік пиғылдың алдын-алудағы бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны орасан зор" екендігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны