17.11.2009, 14:32 2955

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері мемлекетке келетін 208 млрд теңге көлеміндегі залалдың алдын алды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері мемлекетке келетін 208 млрд теңге көлеміндегі залалдың алдын алды

Алматы. 17 қараша. Kazakhstan Today - Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері мемлекетке келетін 208 млрд теңге көлеміндегі залалдың алдын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Депутаттар экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Каспий биоресурстарын қорғау, есірткі тасымалымен күрес жұмыстарының қарқынымен танысты.

2009 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік арнайы қызметтердің 22 тыңшысын анықтап, 99 есірткі топтарын құрықтады. Комитет қызметкерлері мемлекетке келетін 208 млрд теңге көлеміндегі залалдың алдын алды. Сонымен қатар, 365 экономикалық қылмыс тіркеліп, мемлекеттік сатып алуға қатысты 10 қылмыстық іс, кеден қызметіне қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды. Каспийдегі заңсыз балық аулаудың алдын алу шаралары да белсенді жүргізілуде. 607 браконьер ұсталып, 48 мың тонна сирек кездесетін балықтың түрлері тәркіленді.

ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Имзебек Жолшыбеков былай дейді:

"Біз нақты осы мәселелермен шұғылданатын, бұл мәселелерді шешу бұлардың қызметінде ҰКҚ қызметіндегі, болмысы солай, өйткені бұл кісілердің мақсаты біздің қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ол экономикалық, саяси, тағы да басқа жағынан қамтамасыз ету, сондықтан, халықтың көңілінде жүрген сауалдарға тиесілі нақты жауап беру үшін бүгінгі кездесудің қорытындысы өте тиімді деп ойлаймын".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны