27.03.2008, 18:36 3045

Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жүзеге асу барысы Қауіпсіздік кеңесінде қаралды

Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жүзеге асу барысы Қауіпсіздік кеңесінде қаралды

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жүзеге асу барысы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаралды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Аталмыш мәселені талқылау кезінде Стратегияда қарастырылған шаралардың мемлекеттік органдар тарапынан 2007 жылы орындалу барысы туралы ақпарат тыңдалды", - деп көрсетілген баспасөз қызметі бейсенбі күні отырыс қорытындысы бойынша таратқан хабарламада.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады. Ал қосымша баяндама жасағандар - ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов, ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Владимир Жұмақанов.

"Елдегі жағдайдың дамуына ықпал етіп отырған ішкі және сыртқы факторларды қарастыру кезінде елбасы жүзеге асырылып жатқан шаралардың тиімділігіне баға берді", - деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша қалыптасқан үрдістерді сараптамадан өткізу негізінде алдағы кезеңдегі нақты және потенциалды қауіп-қатерлер анықталды.

"Илемдегі, өңірдегі және елдегі нақты жағдай мен оның дамуына жасалған болжамдарға сүйене отырып, президент үкімет пен тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны