01.09.2009, 13:24 1712

Ұлттық қор активтерінің көлемі 10 жылдан кейін Жалпы ішкі өнімнің 30%-ын құрайды - Назарбаев

Ұлттық қор активтерінің көлемі 10 жылдан кейін Жалпы ішкі өнімнің 30%-ын құрайды - Назарбаев

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ұлттық қор активтерінің көлемі 10 жылдан кейін Жалпы ішкі өнімнің 30%-ын құрайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз шикізат саласынан түсетін кірістің үлкен бөлігін Ұлттық қорда шоғырландыруымыз қажет. Ұлттық қор активтерінің көлемі 10 жылдан кейін Жалпы ішкі өнімнің 30%-ынан кем болмауы қажет", - деді Н. Назарбаев.

Президент сонымен бірге "еліміздің жалпы сыртқы қарызын жауаптылықпен басқаруды қамтамасыз ету қажет" екенін атап өтті. "Антициклдік фискалдық саясатқа көшу мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұл экономика өскен кезде мемлекеттің шығындарын қысқарту және құлдырау кезінде оны өсіру дегенді білдіреді", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны