04.07.2014, 20:08 2853

Ұлттық музей құру идеясының тарихы 1998 жылдан басталады - Д.Мыңбай

Ұлттық музей құру идеясының тарихы 1998 жылдан басталады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Ұлттық музей құру идеясының тарихы 1998 жылдан басталады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай.

"1998 жылы халық бірлігі мен ұлттық тарих жылын өткізу бойынша Мемлекеттік комиссиясының отырысында Президентіміз Ұлттық музей құру қажеттілігін айтқан болатын. Сол уақытта болашақ музейдің негізгі құрылымдарын атап көрсеткен еді. Музейдің құру тарихы осы кезден басталады. Сырттан келетін қонақтарға халқымыздың 2500 жылдың тарихын көрсетуіміз керек қой", - дейді музей директоры.

Сонымен қатар, Д.Мыңбайдың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның мәдени саласында тиісті жағдайлар жасалуда. Соның ішінде ол "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын ерекше атап өтті.

"Соңғы жылдары қолға алынған мәдени шаралардың осы саланың дамуына ерекше ықпал еткені анық. Соның ішінде "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының орны ерекше. Бұл біздің халқымыздың бай тарихын, мәдениетін зерттеуге бағытталған бастама. Аталмыш бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстардың бүгінде біртіндеп жемісін көріп жатырмыз. Бұл Қазақстанды әлемге танытудың да бір жолы іспетті. Осы бағдарлама аясында табылған жәдігерлр біздің музейге қойылған", - деді Д.Мыңбай.

Естеріңізге сала кетейік, 2 шілде күні Астанада Қазақстанның Ұлттық музейінің ресми түрде ашылуы өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны