11.07.2014, 20:28 3359

Ұлттық музейде бірегей көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "Орталық Азия мен Кавказдағы дәстүрлі тоқыма өнері - Ұлы Жібек жолының мұрасы" атты көрме ашылды.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "Орталық Азия мен Кавказдағы дәстүрлі тоқыма өнері - Ұлы Жібек жолының мұрасы" атты көрме ашылды. Көрмеге Ресей этнографиялық музейінің (Санкт-Петербург қ., Ресей) этнографиялық ескерткіштерінің топтамасы қойылған.

ҚР Мәдинет министрлігінен хабарлағандай, көрмеге 400-ден астам жәдігер қойылған: құрал-саймандар мен станоктар, киім-кешектер, үй бұйымдары, мініс және жүк артатын малдардың жабдықтары, мата үлгілері, кілемдер мен кестелер, үйлену тойына қатысты заттар, ислам дініне қатысты бұйымдар және т.б. Экспозиция Орталық Азия мен Кавказ халықтарының дәстүрлі мәдениетіндегі тоқыма өнерінің орнын және қолдану аясын сипаттайды.

Тоқыма өндірісінің технологиясы мен оның тұрмыста қолдануы ғана емес, сонымен қатар сол замандағы тарихи мәселелер мен қоғамдық қарым-қатынастарды кеңінен сипаттайтын Көрмемен аттас каталог шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Ресей этнографиялық музейі басшылары әріптестік туралы меморандумға қол қойылған, "Орталық Азия мен Кавказдағы дәстүрлі тоқыма өнері - Ұлы Жібек жолының мұрасы" атты көрме - Қазақстан мен Ресейдің екі ірі музейінің арасындағы алғашқы бірлескен жоба.

Көрме 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін созылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны