29.01.2016, 15:16 4792

Ұлттық валютаны одан әрі реттеу экономика мен бизнесте күрделі мәселелерді туындатар еді - ҚР Президенті

Ұлттық валютаны Ұлттық қор қаражаты есебінен одан әрі қолдау отандық кәсіпорындардыӊ жабылуына және қаржы жүйесініӊ бұзылуына алып келер еді, деп мәлімдеді бүгін "Нұр Отан" партиясыныӊ кезектен тыс XVII съезді барысында Нұрсұлтан Назарбаев

Астана. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ұлттық валютаны Ұлттық қор қаражаты есебінен одан әрі қолдау отандық кәсіпорындардыӊ жабылуына және қаржы жүйесініӊ бұзылуына алып келер еді, деп мәлімдеді бүгін "Нұр Отан" партиясыныӊ кезектен тыс XVII съезді барысында Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Теӊге бағамыныӊ төмендеу үрдісі әлемдік конъюнктурамен байланысты объективті процесс болды. Ұлттық қор қаражаты есебінен ұлттық валютаны қолдаудан бас тартпасақ не болар еді", - деді Елбасы, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Осылайша, Президенттіӊ айтуынша, теория тұрғысынан бір долларға бір теӊге шешімін қабылдауға болар еді. Бірақ, ол мұндай бағам жекеменшік деген түсінік болмаған кезде, ал импорт арнайы дүкендерде сатылған кезде болғанын еске салып өтті.

"Нарық ғылымыныӊ шындығы сонда, ұлттық валютаны қанша реттейтін болсақ, бизнес пен кәсіпкерлікке сонша кедергілер жасаймыз", - деп баса айтты Н.Назарбаев.

Ол "елімізде доллар емес, теӊге маӊызды" екенін айтып, долларды ұмытуға шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны